Қостанай облысына мониторингтік сапар

 

Тамыз 19, 2022

15-19 тамыз аралығында ҚР ДСМ ҚДИАҒО мамандары Қостанай облысының ЖИТС ОО және медициналық ұйымдарына мониторингтік сапар өткізді. 

Іс - шараның мақсаты - АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға диагностикалау, алдын алу және медициналық қызмет көрсету және АИТВ-ның тік берілу жолының алдын алу мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету.

ҚДИАҒО мамандары облыстық аурухананың, №2 және 3 қалалық емханалардың, Қостанай облысының Психикалық денсаулық орталығының медицина қызметкерлеріне АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша кеңес берді. Мынадай мәселелер талқыланды:

АИТВ-ның анадан балаға берілуі (емшек сүтін алмастырғыштармен, антиретровирустық препараттармен, экспресс-тесттермен, лактацияны басуға арналған препараттармен қамтамасыз етілуі);

халықты, босанған жүкті әйелдерді, босанғаннан кейінгі балаларды, стационарлық көмек алатын пациенттерді, жүкті әйелдердің жыныстық серіктестерін, халықтың негізгі топтарын және есірткі тұтынатын адамдарды АИТВ-ға тестілеуден өткізу;

С вирустық гепатиті бар АӨА-ға емдеу бойынша қызметтер көрсету;

есірткі пайдаланатын адамдарға, оның ішінде МСАК деңгейінде медициналық-психологиялық көмек көрсету;

опиоид агонистерімен демеуші терапия қызметтерін ұсыну;

апатты жағдайларда көмек көрсету;

зерттелетін материалды зертханаға жеткізу.

Облыстық ЖИТС орталығында ҚДИАҒО мамандары мынадай мониторинг және бағалау жүргізді:

АӨА динамикалық бақылау және пациенттердің амбулаториялық карталарын жүргізу сапасы,

дәрілік менеджмент,

АББАА өткізу тиімділігі,

перинаталдық байланысы және АИТВ инфекциясы бар балаларды емдеу,

биологиялық материалды алудың толықтығын, мерзімдерін және сапасын талдай отырып, зертхана қызметін жасау,

ерте анықтау мақсатында клиникалық көрсеткіштер бойынша халықты АИТВ-инфекциясының бар-жоғына тексеру бойынша МСАК жұмыстары,

достық кабинеттің жұмысы.

Мониторинг сапардың нәтижелері бойынша ҚДИАҒО мамандары ЖИТС ОО клиникалық, эпидемиологиялық және зертханалық бөлімдерінің және дәрі-дәрмек менеджментінің жұмысын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар дайындады.

барлық жаңалықтар »