ДДҰ тренингіне қатысу

 

Тамыз 5, 2022

ҚДИАҒО, Ақтөбе және Қостанай ЖИТС - тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтарының зертханаларының қызметкерлері 5 тамызда ПТР-зертханасында жұмыс процесін ұйымдастыруды жақсарту жөніндегі тренингке қатысты.

Іс-шараны ұйымдастырушы - ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы. Қатысушылар сапаны бақылау, жұмыс процесін ұйымдастыру және ПТР зертханасындағы ағымдылық қағидаттары, лауазымдық нұсқаулықтар мен қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау мәселелерін зерттеді.

  • Біз, қатысушылар, жаңа пайдалы білім мен дағдылар алдық. Атап айтқанда, пайдаланылатын әдіске (гель электрофорезінде детекциясы бар ПТР немесе нақты уақыт режимінде ПТР) және рәсімдерді автоматтандыру дәрежесіне байланысты өзгеруі мүмкін ПТР зертханасындағы жұмыс процесі туралы. Жаттықтырушылармен біз жұмыс процесінің барлық төрт кезеңін егжей-тегжейлі зерттедік. Бұл біздің жұмысымызда өте пайдалы, - дейді ҚДИАҒО зертханасының меңгерушісі Галия Тажибаева.

барлық жаңалықтар »