СҚО медициналық ұйымдарының мамандары үшін АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар

 

Шілде 27, 2022

Жылдық жоспарға сәйкес 2022 жылғы 27 шілдеде  ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығының базасында облыстың медициналық ұйымдарында АИТВ-ның алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға жауапты тұлғалар үшін семинар өткізілді.                                                                                  Семинарда ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Н. Гордымова АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары туралы және зертхана меңгерушісінің м. а. Ю. Дигтяр мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық тексеру және консультация беру қағидалары туралы тақырыпта баяндама жасады.

Сонымен қатар семинарға қатысушылар іс-шара тақырыбына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Осыдан кейін облыстың медициналық ұйымдарында АИТВ-ның алдын-алу шараларын ұйымдастыруға жауапты мамандар аттестаттаудан өтті.

барлық жаңалықтар »