Гранттарды жүзеге асыру қорытындысы бойынша кездесу

 

Шілде 21, 2022

2022 жылғы 20 шілдеде ҚДИАҒО, ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қор (ЖҚ) жобаларын іске асыру тобының Қордың жергілікті агенті өкілдерімен онлайн-кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі және COVID-1 өтінімдері бойынша гранттардың бағдарламалық іс-шараларын іске асыру және бюджет қаражатын игеру қорытындылары талқыланды.

Қатысушылар барлық жоспарланған іс-шаралар орындалғанын атап өтіп, гранттарды одан әрі іске асырудың егжей-тегжейін талқылады.

- Жалпы, ЖҚ гранты жобасының барлық іс - шаралары жұмыс жоспарына сәйкес, барлық субконетрактерлермен өзара іс-қимылда өтеді, ал бізде олардың 16-сы қойылған және ретке келтірілген.

Бізде гранттың 2021 - бірінші жылының сыртқы ( E&Y компаниясы) және ішкі аудиті (PWS компаниясы) аяқталғанын атап өткім келеді. "А" бағасы алынды, бұл "өте жақсы"дегенді білдіреді. Бұл баға ҚДИАҒО-ның жоғары рейтингін бағалайды және келесі грант бөлінген кезде біздің орталықты негізгі алушы етіп тағайындауға мүмкіндік береді. Биылғы жылы бағалау критерийі өте қатал болды. Рейтинг қаржылық, бағдарламалық қызмет және Ұлттық индикаторларға қол жеткізу бойынша бағалардан тұрады -деді ЖҚ жобасын іске асыру тобының менеджері Татьяна Давлетгалиева.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда Жаһандық қордың 3 жылдық (2021-2023 жж.) гранты жүзеге асырылуда.

Гранттың іс-шаралары халықтың АИТВ инфекциясының таралуына әсер ететін негізгі, басым топтарына бағытталған: ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер мен трансгендерлер, инъекциялық есірткіні тұтынушылар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, оның ішінде ҚР аумағында тұратын және АРТ алатын шетелдік азаматтарға да бағытталған.

барлық жаңалықтар »