Біздікілер "Барлығы да жеңіл" слетінде

 

Шілде 12, 2022

8-14 шілде аралығында Марий Эл Республикасының шипажайында (Ресей) Светлана Изамбаеваның қайырымдылық қорының қолдауымен бүкілресейлік және ТМД-ның таяу елдерінің АИТВ-мен ауыратын балалар мен жасөспірімдерге арналған " Барлығы да жеңіл" слеті өтуде. Қатысушылар арасында Қазақстаннан төрт жасөспірім бар.

"Барлығы да жеңіл" жазғы слеті жыл сайын өткізіледі. Бұл балалар мен жасөспірімдерге диагнозға үйренуге, бейімделуге, антиретровирустық терапияны қабылдаудың маңыздылығын түсінуге, "Н=Н" қағидатымен танысуға , достар табуға және де , әрине, АИТВ-мен толық өмір сүруді үйренуге көмектесетін шара.

- Жасөспірімдер слетінде инфекционист дәрігерлер, тең кеңесшілер, психологтар жұмыс істейді. Өзара көмек топтары ерекге ұйымдастырылған. Балаларға "Эпидемия" және "Нөлдік пациент" фильміндегі актер Асқар Ілиясовпен кездесу ерекше әсер қалдырды,- дейді жас қазақстандықтармен бірге жүретін Teenergizer Kazakhstan жетекшісі Людмила Полякова.

Алматыдағы Наркостоп жобасына және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Нұржан Жақыповқа жасөспірімдердің жол жүруін шараларын ұйымдастырып, қаржыландырғаны үшін алғыс айтамыз.

  

 

барлық жаңалықтар »