Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Маусым 28, 2022
Челлендж #РақметДәрігер
Мен Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығы сенім пунктінің эпидемиолог көмекшісі -Кенжеева Аққумен, меннен АИТВ инфекциясы анықталған сәттен бастап таныймын.Менің өмірім АИТВ анықталғанға дейін қызыққа толы болатын. Осы сәттен бастап менің өмірім осымен аяқталды деп ойладым. Оң нәтиже жарияланғаннан кейінгі бірінші күні мен жалғыздықты сезіндім, ол туралы ешкімге, тіпті өз жақындарымада айта алмадым. Менің басымда көптеген жаман ойлар келе берді, мен шығудың жалғыз жолы - өмірмен қоштасу деп ойладым.
Бірақ медицина қызметкерінің жоғары кәсіпқойлығының арқасында, ал қазірге кезде менің жақын досым - Аққу, мен өзімді қайтадан тірі адам сияқты сезіндім. Енді мен Аққудың арқасында АИТВ деген не екенін және онымен қалай өмір сүретінімді білдім және өмірімнің әр сәтін, өмірдің мәнімен сапасын бағалай бастадым! Мен қазіргі кезде АИТВ-ң берілу жолдары, антиретровирустық терапияның пайдасы туралы жақсы білемін.
Рахмет саған, досым Аққу! Сенің арқаңда өмірдің үлкен проблемасы әрқашан жеңімпаз бола алатын сынақ екенін білдім!
Арсен(науқастың өтініші бойынша аты өзгертілген)