Тараз қаласында науқастарды қабылдау

 

Маусым 28, 2022

Тараз қаласында "17 өңір дерматовенерологы, дерматокосметологы және лепрологы" атты XII өңірлік ғылыми - білім беру форумын өткізу барысында ҚДИАҒО дәрігерлері науқастарды қабылдап, оларға кеңес берді.

 Іс-шара Дүниежүзілік витилиго күніне орайластырылды. Бірақ әртүрлі диагноздары бар науқастар келді: атопиялық дерматит, псориаз, қышыма, алопеция, вирустық стоматит... Дәрігерлер әр науқасты тексеріп шықты.

Қабылдауға барлығы Тараз бен облыстың 120 тұрғыны келді. Оның ішінде - 108 бала. Әрқайсысы емдеу бойынша кеңес алды.

 

барлық жаңалықтар »