Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Маусым 28, 2022
Өмір бойғы таңба... АИТВ-cы оң бала туудан қорқу... Содан кейін мен ұзақ өмір сүрмеспін деп ойлағам... АИТВ-статусым туралы 23 жасымда білдім және ол кезде жүкті едім...
Сол күн әлі есімде, күні кеше ғана болған сияқты. Қараңғы дәлізбен жүріп келіп, қабылдау бөлмесіне кезек күтіп отырдым. Содан кейін мені Алматы облыстық ЖИТС орталығының кабинетіне шақырып, АИТВ жұқтырғанымды естіртіп, талдау нәтижесін көрсетті, бұл аурудың не екенін, оның қалай берілетінін түсіндіре бастады. Сол шақта маған мұның бәрі жалған боп көрінді, өйткені мен АИТВ-инфекциясының таралу қаупі жоғары адамдар қатарына жатпадым: инъекциялық есірткіні қолданбағанмын, жыныстық серіктестерім көп болған жоқ.
Сондықтан мен естіген сәтте-ақ қатты шошып, көңілім қалды. Менің басымда көптеген сұрақтар пайда болды: өмір сүруім үшін енді аз қалды ма? Ал менің туыстарым не дейді? Жыныстық жолмен ауру жұқтырғаным не деген масқара ұят нәрсе деп қаттықапаландым. Дегенмен, ол кезде мен үшін ең маңыздысы менің балам болды... Оның жағдайы қалай болады? Егер оның да АИТВ-сы оң болса ше? Мен бұл жүктілікті аңсап күттім ғой, балапанымды жақсы көрдім және дүниеге келуін күтіп жүрмін…
Сол күні мені есепке алды, әңгіме жүргізді, менің құқықтарым мен міндеттерім туралы және мүлдем сау бала тууға болатындығы туралы айтты, және, әрине, мен келісіп, терапияны қабылдай бастадым. Себебі мен өз денсаулығым үшін және туылмаған баламның денсаулығы үшін жауап бердім…
Мен дәл мөлшері қанша екенін айта алмаймын, бірақ дәрігердің сөздері есімде қалды: қандағы вирустың мөлшері өте жоғары және иммунитетім төмен. Мен дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындадым, олар бізде үнемі өзгеріп отырды. Алайда әр дәрігер мұқият болды, барлық сұрақтарға жауап берді.
Менің күйзелісім ұзақ уақытқа созылды. Алайда, содан кейін орталықта психолог пайда болды, мен онымен кеңесіп, сөйлесе бастадым.
Бүгін ЖИТС орталығының дәрігерлері маған дені сау баланы дүниеге әкелуге көмектесті. Дәрігерлер мен психологтардың тәжірибесінің арқасында мен күйзелістен шығып, өзім үшін және бала үшін өмір сүруге күш таптым.
Жыл бойы дәрігерлерден кеңес аламын, талдауды дер уақытында тапсырамын және қызықтыратын сұрақтарға жауап аламын, антиретровирустық терапияны қабылдаймын. Енді тек АИТВ-статусы оң адаммен ғана өмір сүре аламын деп ойладым. Алайда, дәрігерлердің кеңесінен кейін мен вирустық жүктеменің белгісіз деңгейіне ие бола отырып, вирусты жыныстық серіктеске өткізбейтінімді білдім. Мен жақында тұрмысқа шықтым, оның АИТВ-статусы теріс. Бүгін біз жүктілікті жоспарлап отырмыз, сонымен қатар сау бала туамыз! Баршаңызға денсаулық, сәттілік тілеймін және ешқашан еңсеңіз түспесін!
Менің дәрігерім - Махмутова Сәния Мәсімжанқызы және медбикелер Дүншебаева Әсем мен Сүмбебаева Назерке, сіздерге үлкен рахмет!
Құрметпен А. К.
#Рахметдәрігер