Отбасы мен балалы болубақыты үшін рахмет!

 

Маусым 27, 2022

Челлендж #Рахметдәрігер

МеніңатымТемірлан. Мен білімімбойынша медицина қызметкерімінжәнеешқашанАИТВ-мен бетпе-бет келеміндепойламаппын. Оң мәртебемтуралы 2018 жылыпрофилактикалықтексерукезіндебілдім.

Олкезде мен бойдақжәнеөзісімніңжасмаманыболатынмын. Өзімніңоңмәртебемдібілген сәтте есеңкіреп қалдым, мен үшін бәріаяқталдыдепойладым! Туыстарым мен әріптестерімбіліп қояды дегенқорқыныштан.... мен оданәріөмірсүргімкелмеді.

Сол уақытта менің жақын арада үйленуді жоспарлап жүрген сүйікті қызым болды, мен оған бәрін ашық айтып бердім, бірақ ол менің мәртебемді қабылдамайды деп қорықтым! Бірақ сүйіктім менен бас тартқан жоқ, керісінше дәрігерлерге жүгінуді  ұсынды. Біз бірігіп Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына дәрігерлермен кеңесуге бардық. Бізді орталықта өзінің мейірімді және жарқын күлмісімен Нұрғожина Гүлнар Серікқызы қарсы алды және ең бастысы АИТВ - бұл үкім емес екенін айтты. Мұндай диагнозбен адамдар ұзақ және бақытты өмір сүретінін, ал анықталмайтын вирустық жүктемемен сіз дүниеге сау балалар алып келе аласыз деді. Ол кезде менде СД жасушалары, вирустық жүктеме туралы түсінік болған жоқ, бірақ Гүлнар Серікқызы бізге бәрін  сауатты және түсінкті тілмен айтып берді. Сондай-ақ Гүлнар Серікқызы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін«Жизнь вопреки» өзара көмек тобын ұсынды, ол жерде маған қол ұшын беретінін, мені қолдап, тыңдайтынын айтты. Содан кейін мен бірден, үзбей,күн сайын АРТ-терапияны қабылдай бастадым.

Біраз уақыттан кейін біз сүйікті қызымызбен үйлендік, тойдансоң, кезектітексеруден кейін вирустық жүктемем анықталмайтын деңгейге дейін төмендегенін біліп, мақсатымажетіп, қуанышымда шек болмады!

Содан соң өте сауатты, мен «Құдайдан» келген дәрігер деп те айтар едім,Гүлнар Серікқызымен кеңескеннен кейін, біз баламыздың дүниеге келуін жоспарлай бастадық. Бүгінгі күні  біздің алтын дәрігеріміздің арқасында бізде екі сүйкімді «дені сау» балаларымыз бар!

НұрғожинаГүлнарСерікқызынашынжүректеналғысайтамын! Отбасы мен балалы болу бақытыүшінрахмет!

Сізгеұзақөмір тілеймін!

 

Темірлан

(Науқастыңөтінішібойыншаатыөзгертілді)

#РақметДәрігер

 

барлық жаңалықтар »