Назар аударыңыз! Анонс!

 

Сәуір 6, 2022

Назар аударыңыз! Анонс!

 

6-7 сәуірде гибридті форматта Алматыда халықаралық сарапшылардың қатысуымен Ж.А.Оразымбетова атындағы дәстүрлі III дерматологиялық оқулары өтпек.

 Іс-шараны ұйымдастырушы - «Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамы» ҚБ және «ҚРМУ» дерматовенерология курсы бар Фтизиатрия кафедрасымен бірлесіп гибридті режимде ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК.

Дерматологиялық оқулар – бұл дерматовенерологиялық қызметтің клиницистері, ғалымдар саңлақтарын тәрбиелеген ұстаз, ғалым, профессор, белгілі дерматовенеролог дәрігер Жұмагүл Әбішқызы Оразымбетованы еске алуға арналған жыл сайынғы іс-шара.

Оқу дәстүрлі түрде ғылыми қарым-қатынас алаңын құру, пәнаралық өзара іс-қимыл жасау, практикалық тәжірибе алмасу және оларды дерматовенерология, дерматокосметология және сабақтас мамандықтар саласында пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде енгізу үшін жүргізіледі.

Бағдарламада: Қазақстан, Ресей, Оңтүстік Корея елдерінің танымал ғалымдарының дәрістері, тұсаукесерлері, мастер-класстары, сондай-ақ әлемдік озық тәжірибені талқылау, пікірталастар өткізіледі.

Спикерлер арасында:

А. Абишев - ҚР ДСМ «ҚДИАҒО ШЖҚ РМК директоры.

М. Бримжанова - PhD, жоғары санатты дәрігер, ҚДСЖМ директоры.

М.Хобейш - Академик И.Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің гендік-инженерлік биологиялық препараттарды емдеу орталығының жетекшісі.

Г.Тоғызбаев – м.ғ.д., профессор, Қазақ ревматология алқасының президенті, ҚР ДСМ штаттан тыс бас ревматологы.

А.Ракишева - м.ғ.д., С.Д.Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ фтизиопульмонология кафедрасының профессоры.

М.Рысұлы – м.ғ.д., профессор, Қазақстандық медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының президенті.

А.Қасымханова - м.ғ.к., дерматолог, физиотерапевт, VRFoundation (АҚШ) ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі.

З.Джетписбаева - м.ғ.к., «АМУ» АҚ дерматовенерология кафедрасының профессоры, жоғары санатты дәрігер.

барлық жаңалықтар »