Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Ақпан 18, 2022
СҚО ЖИТС ОО-дағы облыстық оқыту семинары
ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық орталығының базасында 15 ақпаннан 17 ақпан аралығында «K-Lab» зертханалық ақпараттық жүйесі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Оқытуды «Meditec» ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) мамандары жүргізді, жоба жетекшісі – Юлия Бородавкина.
Семинарға қала мен облыс медициналық ұйымдарының: емханалар мен ауруханалардың, жеке медициналық орталықтардың, балалар үйінің, психикалық денсаулық орталығының, ЕС мекемелері мен қабылдап-тарату орнының биоматериалды тіркеуге жауапты мамандары және IT мамандары қатысты.
Үш күндік семинарға қатысушыларға «K-Lab» зертханалық ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері, сондай-ақ оның облыстың медициналық ұйымдары мен ЖИТС ОО зертханасы арасындағы өзара әрекеттестікті құруға қалай ықпал ететіндігі туралы айтылды.
Ұйымдастырушылар оқыту АИТВ-ға тексерудің тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімді. Іс-шара «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.