Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде ашық сабақ

 

Қараша 23, 2021

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресуге арналған Кампания аясында Беспаева Г.Е. және эпидемиолог Турлина Г.З. Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Қорқудың қажеті жоқ – БІлу керек!» тақырыбындағы ашық сабаққа қатысты.

Шарада ұйымдастырушылар колледждің 1-курс студенттері жиналғандарға есірткі қолдануына әкелетін түрлі жағдайларды сахналаған көріністер көрсетті. Көрермендер әртістердің мінез-құлқын қызу талқылап, қиын жағдайдан шығудың нұсқаларын және есірткіні тастаудың ықтимал шешімдерін ұсынды.


Шараның қорытынды бөлімінде ЖИТС ОҚ Жезқазған кафедрасының оқытушысы Беспаева Г.Е. студенттермен АИТВ-ның берілу жолдарын, алдын алу шараларын және жұқтыру қаупін азайтуды талқылады.Сондай-ақ ол жастарды АИТВ жұқтырған адамдарға төзімділікке шақырып, көптеген сұрақтарға жауап берді.

Сабақ салауатты өмір салты тақырыбында мақал-мәтелдер білу сайысымен аяқталды.



барлық жаңалықтар »