Атырау қаласы  жастарымен кездесу

 

Қараша 25, 2021

  2021 жылдың 25 қарашасында  Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне  «АИТВ: әрбірін түсіну» науқаны аясында Атырау облыстық ЖИТС орталығының  алдын алу бөлімінің  мамандарыА.Абылғазиева,М.Баймуханова «Атырау  Бизнес және Құқық колледжі студенттерімен  мұғалімдері арасында «АИТВ және стигма/кемсіту» тақырыбында кездесу өткізді.

  АИТВ стигмасы  қоғамда  әр түрде кездесетіндігі, АИТВ жұқтырған адамдарды қуғындау,шеттету олардың уақытында анықталмай,  АРТ емін қабылдамай, індеттің  таралуына себепкер болуы мүмкіндігі.

   Кездесудің басты  мақсаты -қоғам тарапынан АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды   қолдау, көмек көрсету.Студенттердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін жақсартуға бағытталды.

    Кездесуге қатысқан 50 мұғалімдер мен студенттерге ЖИТС-ті алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

барлық жаңалықтар »