ЖИТС орталығындағы ашық есіктер күні

 

Шілде 11, 2018

Шілденің тоғызы күні Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығында «Behealthy – Будь здоров — Денсаулық кепілі» ұранымен «Салауатты әдеттер марафоны» челленджі шеңберінде Ашық есіктер күні өткізілді.

Облыстық ЖИТС орталығына, Ақсудағы және Екібастұздағы бөлімшелерге келушілер бұл күні салауатты өмір салты, дене белсенділігін насихаттау, салауатты тамақтану әдеттерін дамыту бойынша ұсыныстар, тұзды шектеу, күні бойы су ішу туралы ақпаратқа хабардар болды.

        Медицина қызметкерлері науқан басталғанға дейін ақпаратты өз ұжымында кеңінен талқылады. Дәрігерлер, медбикелер әрбір азаматтың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру туралы пікір алысты.

 

барлық жаңалықтар »