Қазақстан ЮНЭЙДС-тің «Құрмет және адамгершілік» кампаниясына қосылды

 

Шілде 9, 2018

Бүгінде Қазақстан Республикасы Орта  Азиядан ЮНЭЙДС-тің «Құрмет және адамгершілік» кампаниясына қосылған алғашқы елдердің ішіне кіреді.  

Кампанияның сипаттамасында: «Құрмет және адамгершілік — бұл төзімділіктен қабылдауға көшу. Бұл жерде адамдарды қалай бар, оларды солай қабылдау керектігі жайлы сөз болып отыр. Құрмет пен адамгершілік есірткі қолданатын адам үшін оны түрмеге отырғызып қояды деген қорқыныштан сақтай отырып, АИТВ-дан емделуге қауіпсіз ортаны қалыптастырады», — делінген. Қазақстанда бүгінгі таңда 14, 470 адам антиретровирустық терапияны (АРВ) қабылдауда, олардың көп бөлігі – инъекциялық есірткі тұтынатын адамдар. Антиретровирустық емге бейілділікті сақтаған кезде адам ағзасында АРВ препараттарының тұрақты деңгейі тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 рет, жылына 365 күнге қамтамасыз етіледі! АРВ препараттарды қабыдап жатқан адам вирусты басқа адамға жұқтырмайды! Медициналық мекемелердегі АИТВ диагнозы бар пациенттерге құрмет пен ізетті қамтамасыз ету оларға деген адамгершілікті сақтауға және емделудің жолын ұстанып қалуға мүмкіндік береді. Емделуге бейілді болу – ұзақ және бақытты ғұмыр кешуді білдіреді! Емделуге бейілділік ЖИТС-ке байланысты аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АӨА) ЖИТС-тен болатын өлім-жітім көрсеткішінің төмендеу тенденциясы байқалуда: 2005 жылы 1000 АӨА-ға 16,1-ден 2017 жылғы 10,6 дейін, ол жағдай АӨА-дың өмірінің ұзақтығын арттырады және олардың өмір сапасын жақсартады.  

АИТВ-ға байланысты кемістушілік тек адам құқығын бұзушылық болып қана табылмайды: жалпы қоғамдық денсаулық сақтаудың мақсаттарына қол жеткізу үшін мұндай кемсітушілікпен және стигмамен күресу қажет және ЖИТС індетін тоқтату керек. Осыған байланысты, Қазақстанда 2018-2019 жылдарға арналған Стигма мен Кемсітушілікке қарсы күресу жөніндегі Ұлттық Жоспар әзірленіп, оған қол қойылды.

«Құрмет және адамгершілік» дені сау баланың туылуы үшін,  жүкті әйелдің АИТВ инфекциясына асықпай, бірқалыпты тексерілуі үшін керек, қажет болған жағдайда АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу аясында дені сау баланы дүниеге әкелу үшін АРВ препараттарын алу үшін қажет. Бүгінгі таңда Қазақстан АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу саласында көптеген жетістіктерге қол жетікізілді. АИТВ жұқтырған жүкті әйелдер мен балалар мемлекеттік бюджет есебінен ДДСҰ халықаралық ұсынымдарына сәйкес алдын алу емін қабылдауда. 2018 жылы Қазақстан АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алуын  элиминациялау туралы  сертификатын алуға ДДСҰ-на өтінім беруді жоспарлауда.

«Құрмет және адамгершілік» АИТВ-ға тестіден қорқынышсыз өтуге және өзінің ахуалын біліп, өмірін жоспарлау үшін науқас адамдарға қажет. Қазіргі кезде Қазақстанда АИТВ-инфекциясына тестіден өтуге жалпыға ортақ қолжетімділік қамтамасыз етілген. Жыл сайын Қазақстанда АИТВ-ға 2 миллионнан астам адам тестілеуден өтеді, АИТВ-мен өмір сүретін 80% адам өздерінің ахуалдарын біледі.  

 

 

Бізге қосыл! «Құрмет және адамгершілік» кампаниясына қолдау көрсет! #құрмет #адамгершілік

Кампания туралы: БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) «Құрмет және адамгершілік» онлайн-кампаниясын бастады. Кампанияға қатысу үшін ұйымның сайтына кіріп, өзінің құрмет және адамгершілік сипатын жазу қажет. Барлық хабарламалар сайтта қабырғаға жабыстырылған шағын қағаз беті түрінде жарияланатын болады. Сонымен қатар, «Құрмет және адамгершілік» кампаниясының сайтынан постерлерді, бейнелерді,  қысқаша твиттер мен ашықхаттарды жүктеп алуға болады. http://respect.unaids.org/media/#video-block          #құрмет  #адамгершілік

барлық жаңалықтар »