Алматы қ. ЖИТС орталығында ашық есік күні

 

Шілде 5, 2018

Бесінші шілдеде Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес  орталығында Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының  20-жылдығына арналған  ашық есік күні.

Бұл күні әр адам Орталықтың жұмысы туралы толық ақпарат және кез келген маманнан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Барлық келушілер АИТВ-инфекциясының профилактикасы туралы әлеуметтік жарнаманы көріп, ақпараттық-білім беру материалдары – постерлар, брошюралар, буклеттер ала алды.

Жастар үшін салауатты өмір салты мен денсаулығына жауапты көзқарасты насихаттайтын, ойын әдістерімен, шағын тренингтер өткізілді.

Әр адам АИТВ-инфекциясына тест тапсырып және кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

барлық жаңалықтар »