Шалқар қаласындағы медицина қызметкерлеріне арналған АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша оқыту семинары

 

Шілде 4, 2018

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында облыстық ЖИТС орталығының мамандары дәрігер-инфекционист Зауре Нигметова мен дәрігер-эпидемиолог Самат Мұртазин орталық аудандық аурухана мен орта мектептердің медбикелеріне арнап оқыту семинарын өткізді.

Семинарда «АИТВ және ЖИТС бойынша Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай мен АИТВ-жұқпасының берілу жолдары,алдын алу, емдеу тәсілдері. АИТВ-ның анадан балаға  берілуінің алдын алу және нормативті құқықтық актілер» бойынша сауалдар талқыланды.

 Семинар барысында тесті алды және одан өткеннен кейінгі кеңес беру мен АИТВ-жұқпасының анадан балаға берілуінің алдын алуға арналған шұғыл және жоспарлы жұмыстарға қатысты дағдылар үйретілді.

барлық жаңалықтар »