Қазақстандағы ЖИТС зертханалық қызметі туралы жиі қойылатын жеті сұраққа жауап

 

Шілде 2, 2018

Қазақстандағы ЖИТС зертханалық қызметі туралы жиі қойылатын жеті сұраққа жауап1.ЖИТС орталықтарының зертханалары қандай міндеттерді атқарады?

Зертханалардың функцияларына келесідей негізгі міндеттер кіреді:

  • АИТВ-инфекциясының диагностикасы
  • АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) ұсынылатын емнің тиімділігін қадағалау (мониторинг)
  • АИТВ дәрілік тұрақтылығын диагностикалау

АИТВ-инфекциясының диагностикасы – бұл түрлі диагностикалақ тест-жүйелер мен әдістерді міндетті пайдаланумен қоса зертханалық тестілердің серияларынан тұратын процесс. Тестілер сериясын жүргізудің қажеттілігі ең бастысы – бүгінгі таңда жұқпасы бар пациенттерден жұқпасы жоқ пациенттердің абсолютті нақты айырмашылығына кепілдік беретін мінсіз әдісі болмайтындығы жайлы айғағымен байланысты. Максималды нақты мәліметтерге бірнеше тестілердің (әдістер) қиыстырылуы арқылы қол жеткізіледі, оның біреуі – АИТВ жұқтырған пациенттерді жақсы анықтайды, ал екінші біреуі – жұқтырмаған пациенттерді сәйкестендіреді. Зертхананың бірінші сатысында соңғы толқынның (төртінші) сезімталды тест жүйелерін пайдаланады. Аталған тест жүйелерді пайдалану кезіндегі жалған теріс нәтижелердің ықтималдылығы тіптен аз, сол себепті теріс нәтижені алған жағдайда ЖИТС орталықтары тез арада «АИТВ-ға антиденелер анықталған жоқ» деген қорытынды береді.

Сонымен қатар, оң нәтиже АИТВ-инфекциясының болуының абсолютті нақты дәлелі болып табылмайды. Қазақстанда АИТВ-инфекциясының жалпы таралушылығы айтарлықтай төмен (<0,05%). Жалпы тұрғындар арасында АИТВ жұқтырған пациентті анықтау ықтималдылығы жалған оң нәтижені алу ықтималдылығына қарағанда аз (рұқсат етілетін лимит - 2%). Сол себепті, оң нәтиже растауды талап етеді. Ол үшін ЖИТС орталықтарының зертханалары жалған оң нәтижелерден шынайы оң нәтижелерді «елеп өткізетін» қосымша тестілерді жүргізеді. Соңғы сатысында оң нәтижелердің максималды сенімділігін кепілдендіретін иммуноблот – тест пайдаланылады. Аталған нәтиже негізінде дәрігерлер пациенттегі АИТВ-инфекциясының болуы туралы нақты қорытындыны шығаруы мүмкін.

Антиретровирустық терапияның тиімділігін мониторингтеу. Қазақстандағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар антиретровирустық терапия (АРТ) түрінде тегін емді қабылдайды. АРТ-ның тиімділігі факторлардың бірқатарынан тәуелді болады: дәрілік препараттардың қабылдау режимін, вирустың сол бір немесе басқа препаратқа бастапқы тұрақтылығын сақтау немесе мутантты тұрақты нысандардың туындау жылдамдығын сақтау. Сол себепті, АРТ қабылдайтын барлық АӨА облыстық және қалалық ЖИТС орталықтарының зертханаларында тұрақты түрде РНҚ АИТВ (вирустық ауыртпалық) сандық және CD4+/CD8+ Т-лимфоциттері деңгейін сандық анықтаудан өтіп тұрады.

Вирустық ауыртпалық тесті дәрілік препараттардың вирустың көбеюін қаншалықты жоятындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ал CD4+/CD8+ Т-лимфоциттерінің тесті пациенттің иммунитетінің жағдайын көрсетеді. Егер  вирустық ауыртпалық төмен деңгейде болса, ал CD4+жасушаларының саны өсетін болса, демек, таңдап алынған емдеу сызбасы тиімді болғаны. Олай болмаған жағдайда, қажетті түзетулерді енгізу керек.

АИТВ-ның дәрілік тұрақтылығының диагностикасы. АИТВ-ның дәрілік тұрақтылығының туындау проблемасы АӨА-ды емдеудің кең ауқымдағы бағдарламасын енгізу кезінде шарасыз болып табылады. Егер терапия тиімсіз болып қалған жағдайда және ол жағдай пациенттің емге бейілділігімен байланыссыз болғанда, ЖИТС РО базасында вирустың мутанттық нысандарын генотиптеу және анықтау бойынша зерттеу жүргізіледі. Бұл зерттеулер қайсы препараттардың вирусты енді көбеюін тоқтата алмайтындығын анықтауға мүмкіндік береді, солай емдеу сызбасын да түзетуге болады.

2.Иммуноблот деген не және біз не үшін оның иммуноблоттың оң нәтижелеріне сенуімізге болады?

Адамның иммун тапшылығы вирусы ақуыздардан (антигендерден) тұрады, жұқпасы бар адамда спецификалық антиденелер пайда болады. Бірінші сатыларда жүргізілген тесттерден (ИФТ, ИХЛТ, жедел тесттер) айырмашылығы – иммуноблот пациентте АИТВ-ның нақты қандай антигендеріне антиденелер бар екендігін анықтайды.    

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) өлшемдеріне сәйкес, оң нәтиже вирустың беткейлі үш ақуызының кемінде екеуіне антиденелерді табуы кезінде анықталуы мүмкін (gp). Сол себепті, иммуноблотты пайдалану жалған оң нәтижелердің ықтималдылығын азайтады.   

1 сурет. Иммуноблот үлгісі

gp160, gp120, gp41, p66, p24, p17 – вирустың ақуыздары. Тест жолақтарындағы қара түсті көлденең сызықтардың пайда болуы пациенттің бойында аталған ақуызға антиденелердің болуын көрсетеді.Иммуноблот үлгісі

Иммуноблоттың екі түрі бар. Біріншісі - Вестерн-блот деп аталады, нағыз ақуыздардан жасалады, бірақ, алдын ала жасушалар дақылдарындағы зақымдалған вирустардан жасалады. Вестерн-блоттың артықшылығы – онда АИТВ-ның барлық ақуыздарының болуы және пациенттің ағзасындағы спецификалық антиденелердің генерациялану процессін толық көре алатындығымызда болып табылады. Дегенмен, бағалы дақылды пайдалану сәйкесінше, аталған тесттің бағасына әсер етеді. Иммуноблоттың екінші түрі – желілік иммундық тест, растаушы талдауды арзандату мақсатында жасалған. Желілік иммундық тесттерде рекомбинантты (жасанды жаратылғандар) ақуыздар қолданылады. Тесттің аталған түрінде АИТВ-ның бірқатар ақуызы болмағандықтан, біз фрагментарлы бейнені аламыз. Мысалы, желілік иммундық тесттерде беткейлі үш ақуыздардың бірі - gp160 ақуызы жоқ, ол ақуыздың негізінде нақты шешім шығарылады, ол жағдай аталған тестті азырақ хабардар етеді. Сол себепті, Вестерн-блот бүгінгі күні АИТВ-инфекциясы диагнозын растау үшін «алтын стандарт» болып қалып отыр.

  1. Иммуноблоттың теріс нәтижелері қаншалықты сенімді?

Сезімталдылық жеткіліксіз болғандықтан (ИФТ, ИХЛТ немесе жедел тестілерімен салыстыру бойынша) иммуноблоттың теріс нәтижелеріне асқан ұқыптылықпен қарау керек. Сондықтан, иммуноблоттың теріс немесе белгісіз нәтижелерін алған кезде ЖИТС орталықтары пациенттерге екі аптадан кейін қайта тексерілуден өтуді жазып береді. Әдеттегідей, пациенттің ағзасы вирустың негізгі ақуыздарына антиденелердің жеткілікті санын өндіруге бұл кезең жетеді. Дегенмен, кейбір жағдайларда бұл процесс бірнеше айға созылуға мүмкін, сол себепті, пациентті тексерілуден өтуге, тіпті АИТВ-инфекциясын нақты қою үшін немесе ол диагнозды алып тастау үшін тағы бірнеше рет шақыруы мүмкін.  

  1. Донорлық қанның қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?

АИТВ-ға қан донорларын скринингтеуді (яғни, әрбір қан тапсыруды, әрбір донорды міндетті тексеру) аймақтық ЖИТС орталықтары емес, қан орталықтары жүзеге асырады. Сонымен қатар, бір уақытта вирустық антиген мен АИТВ-ға антиденелерді анықтауға мүмкіндік беретін төртінші толқынның ИХЛТ/ИФТ әдістері қолданылады. Сондай-ақ, қан үлгілері жұқтыру сәтінен кейін 10 күн өткен соң АИТВ РНҚ анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция әдісін пайдала отырып, тексеруді жүргізуден өтеді (2 суретте NAT – nucleicacidamplificationtechnology ретінде көрсетілген, ағылш.). Ол сәтке дейін АИТВ-инфекциясы ешқандай да тестімен анықталмайды.

2 сурет. Инфекцияның табиғи ағымы барысында түрлі форматтағы және толқындағы тестілердің көмегімен АИТВ-инфекциясын анықтау.Tестілердің көмегімен АИТВ-инфекциясын анықтау

Кез-келген тесттен оң нәтиже алынған кезде потенциалды жұқтырған донорлық қан жойылуға жіберіледі де, донордың өзі әрі қарай қан беру мүмкіндігінен шеттетіледі. Сондай-ақ, донорға АИТВ-инфекциясы диагнозы растаушы зерттеулерді жүргізбей қойылмайды. Нақты диагнозды қою үшін донордың қан үлгісі ЖИТС РО-на АИТВ-инфекциясына тестілеудің бекітілген алгоритміне сәйкес әрі қарай жүргізу үшін  жіберіледі.   

5.Қазақстанда АИТВ-2 диагностикалау қалай жүзеге асырылады?

Қолда бар эпидемиологиялық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда ТМД аумағында АИТВ-2 инфекциясының бірде бір жағдайы тіркелмеген. Дегенмен, Қазақстанның барлық аймақтық ЖИТС орталықтарының зертханаларында және қан орталықтарында АИТВ-1, АИТВ-2 инфекцияларын бір уақытта анықтауға  қабілетті тест-жүйелер қолданылады. Сонымен қатар, бірінші және екінші түрдегі вирустардың құрылымының үлкен ұқсастығы растау сатысында иммуноблоттағы айқасқан реакцияны қамтамасыз етеді. АИТВ-2 инфекциясына күмән туындағанда, ЖИТС РО зертханасында екінші түрдегі адамның иммун тапшылығы вирусына спецификалық антиденелерді анықтауға арналған сәйкес иммуноблот бар.   

6.АИТВ-ға тест қанша тұрады?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы медициналық қызметтердің тарифіне сәйкес АИТВ-ға тексерілу құны 1413,99 теңгені құрайды.

7.Жеке медициналық ұйымдар АИТВ-ға зерттеуді жүргізе алады ма?

Тұрғындардың АИТВ-инфекциясына тестілеуден өтуге кең ауқымдағы қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық меншік нысанындағы медициналық ұйымдар АИТВ-инфекциясын зертханалық диагностикалаудың бастапқы сатысын жүргізе алады. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрілігі біліктілік талаптары мен статистикалық есептілікті ұсынудың міндеттілігін қарастыратын болады.

 

ЖИТС РО баспасөз қызметі

 

 

 

барлық жаңалықтар »