Алматы қ. " АӨА үшін пациент мектептері " семинар-тренинг.

 

Маусым 30, 2018

Алматы қ.   АӨА үшін пациент мектептері  семинар-тренинг.30 маусымда Алматы қ.  " АӨА үшін пациент мектептері " семинар-тренинг өтті.

Ұйымдастырушылар: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы  және Алматы қ. ЖИТС Орталығы Janssen Jhonson&Jhonson компаниясының қатысуымен.

Іс-шара барысында " АӨА қоғамдастық өкілдер кеңесі " ҚҚ директоры Аманжолова Л.  тренингтің мақсаты мен міндеттері туралы әңгімелеп берді, Алматы қ.  ЖИТС Орталығы бас дәрігерінің орынбасары  Нуркеримова А.жиналғандарды ЮНЭЙДС 90-90-90 стратегиясымен  және АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін антиретровирустық терапияның жаңа мүмкіндіктерімен таныстырып өтті.

Жаттықтырушы - ЖИТС РО клиникалық мониторинг бөлімінің клиникалық мәселелер бойынша маманы Ахметова Г.  қатысушыларға  АРВ-препараттардың негізгі топтары, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері, жанама әсерлері және оларды түзету әдістері туралы айттып берді. Жиналғандарды емдеу схемасының ауысымы ерекше қызықтырды. Жаттықтырушы жан-жақты жауап берді.

Іс-шараға Маңғыстау  облыстық ЖИТС Орталығының директоры Бисен А. қатысты.

 

барлық жаңалықтар »