Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары журналистерді құттықтады.

 

Маусым 29, 2018

Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының мамандары журналистерді құттықтады.2018 жылдың маусым айының 28-нде ЖИТС орталығының мамандары байланыс және ақпарат құралдары күніне орай Ақтөбе қаласындағы БАҚ өкілдерін құттықтады. ЖИТС орталығы басшылығы атынан алдын алу шараларына белсенді үлес қосқаны үшін «Рика-ТВ» және «Aqtóbe» телеканалдары мен «Тандем » және  «Актобе» радиолары сондай-ақ,«Диапазон» газетының редакцияларының ұжымына алғыс хаттар табыс етілді.

Бұқаралық ақпарат құралдары халық арасында АИТВ және ЖИТС ұғымдарын дұрыс түсіндіруде, АИТВ-жұқпасына қатысты мәселелерді шешуге оң ықпал етеді.

-ЖИТС орталығының мамандары БАҚ өкілдерін АИТВ-жұқпасына қарсы күрес шараларында алдын алу жұмыстарын нығайту мен халықты ақпараттандыру деңгейін көтеруде тең құқылы серіктес ретінде қарайды-, деп атап өтті өз сөзінде ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова.

 

барлық жаңалықтар »