Павлодардағы АИТВ бойынша семинар

 

Маусым 28, 2018

Павлодардағы АИТВ бойынша семинарПавлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығында облыс медицина ұйымдарының дәрігерлеріне арналған семинар өткізілді.

        Семинар қатысушылары алдында «Облыс емдеу-алдын алу ұйымдарында санитариялық-індетке қарсы тәртіпті сақтаудың келелі мәселелері» тақырыбында ҚДСД-нің бас маманы Л.  Сыроежкина баяндама жасады. АИТВ-жұқпасын клиникалық-зертханалық диагностикалау туралы презентацияны ЖИТС ОО-ның инфекционист-дәрігері А. Морозовский ұсынды.

        ҚР ДСМ-нің клиникалық және эпидемиологиялық айғақтар бойынша адамдарды АИТВ-инфекциясының болуына медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы бұйрығын орындауды талдаумен орталықтың эпидемиолог-дәрігері С. Сидоров баяндама жасады.

        Семинарда медициналық ұйымдарда АИТВ-ға жауапты дәрігерлер №4 және №5 емханаларда, №1 қалалық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталығында, Ертіс және Қашыр ОАА-да жұмысты ұйымдастыру туралы ақпаратты ұсынды. Семинар ұйымдастырушылары қатысушыларға халық көп жиналатын орындарда көрсету үшін АИТВ-ның алдын алу бойынша бейнероликтерді таратты.

 

барлық жаңалықтар »