Ақмола облысының бизнес-құрылымы басшыларымен шығу семинарлары

 

Ақпан 2, 2018

2018 жылы бірінші ақпан айында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы және Ақмола облысының түбіркүлезге қарсы диспансерінің  мамандарымен ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша, ДЭФ БЖЖИ индикаторларын жақсарту жөнінде, Бурабай, Бұланды, Біржан сал аудандарының бизнес – құрылымы басшыларымен семинар өткізілді.

ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі З.Хван, АИТВ-инфекциясының  басекеге жарамдылық жаһандық индексі бойынша ақпарат кестесін, презентациясын,   бизнеске әсер етуі, дүниежүзілік экономикалық форумы сауалнамасын ұсынды.

  АИТВ және ЖИТС бизнеске ешқандай жағымсыздығын тигізбейді. Біздің елімізде АИТВ-инфекциясының ауруы  төменгі деңгейде және бизнесті жүргізу мен экономика деңгейіне әсер етпейді.Сіздің бизнесіңіз АИТВ-ны емдеуге байланысты ешқандай шығын шығармайды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, сондай-ақ жұқтырмаған адамдар сияқты барлық нәрсеге құқылы, оларды жұмыстан шығарып тастауға немесе жұмысқа қабылдамауға жол берілмейді.Қазқастанда АИТВ-инфекциясын емдеу тегін және мемлекеттпен кепілденген. АИТВ жұқтырған адамдар, жұмыс бабында өз ұжымдарына жұқтыруы  мүмкін емес және ұжым үшін қауіп-қатері жоқ. Өйткені, АИТВ ауа арқылы, қол алысқанда, құшақтасқанда, ортақ дәретхананы қолданғанда және бассейнде, моншада, басқа да қоғамдық орындарда жұқпайды.

Семинар соңында АИТВ-инфекциясы таралу жолдарының білімдеріне әлеуметтік сұрақтар мен сауалнамалар өткізілді.

барлық жаңалықтар »