Жамбыл облысында бәсекелестіктің ауқымды индексі (БАИ) бағалаудың бастапқы жұмыстары жүргізілуде.

 

Ақпан 2, 2018

Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) жылда, елде бәсекелестіктің ауқымды индексін бағалауды “АИТВ инфекциясының таралуы” және “Кәсіпкерліккке АИТВ инфекциясының ықпалы” көрсеткіші бойынша өткізіледі.

БЭФ (ақпан, наурыз) өткізілу уақытында сұрақтарға дайындық бойынша кәсіпкерлердің ақпаратын көтеру бойынша Жамбыл облысының Жамбыл ауданында кәсіпкерлер - құрылымдарының басшыларымен, ауданның кәсіпкерлер палатасының мүшелерімен, облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлерімен және қоғамдық денсаулық қорғау департаментімен дөңугелек үстел өткізілді.

Іс - шараға ЖШС “Амангелді ГПЗ”, ЖШС “Тан”, ЖШС “Инвест МК”, ЖШС “ТПК Берсамукаев” басшылары қатысты.

Қатысушылар алдында облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің эпидемиолог дәрігері Т.Мамедова сөз сөйледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының рейтингі, бәсекелестіктің ауқымды индексі, бүкіләлемдік экономикалық форум туралы түсініктер бере отырып, АИТВ-ның неліктен кәсіпкерлікке ықпалы тимейтіндігі туралы тоқталып өтті. Қатысушылар БАИ сауалнамаларын толтырды.

Сонымен қатар стендте БАИ БЭФ бойынша ақпарат, сауалнама және инфографика орналастырылды.

барлық жаңалықтар »