Маусым 23, 2026
БҚО-да журналистер арасында өткен байқау қорытындыланды Батыс Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығыұйымдастырған журналистер арасындағы байқау өз мәресіне жетті. Байқау 15 сәуір мен 15 маусым аралығында өткізілді. Оның қорытындысы бойыншаүздік материал авторлары анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Байқаудыңнегізгі мақсаты – тұрғындардың АИТВ туралы хабардарлығын арттыру, инфекцияның алдын алу шараларын насихаттау және қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті төмендетуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейту.
толығырақ »
Маусым 19, 2026
Медицина қызметкері күні құтты болсын!Құрметті әріптестер, төл мерекеміз құтты болсын! Шипалы алақандарыңыз бен мейірімді жүректеріңіз үшін сіздерге мың алғыс. Біз күн сайын адам өміріне араша түсіп, оларға демеу болу арқылы шын мәнінде ұлы іс атқарып келеміз.
толығырақ »
Маусым 13, 2026
Бір ғана қателік – үлкен салдар Шымкент қаласында медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерінің орынбасарлары, АИТВ-ға жауапты мамандар мен АИТВ-ға қан алу кабинетінің мейірбикелерінің ( LIS K-LAB тікелей жұмыс жасайтын) қатысуымен «Бір ғана қателік – үлкен салдар: АИТВ-ға қан сынамаларын алу мен тасымалдаудағы преаналитикалық кезең» тақырыбында семинар өтті.
толығырақ »
Маусым 8, 2026
Жамбыл облысында «Өз мәртебеңді біл – жақындарыңды қорға!» акциясы өтті6 маусым күні Тараз қаласындағы Жеңіс саябағында Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының ұйымдастыруымен «Өз мәртебеңді біл – жақындарыңды қорға!» атты кең ауқымды ақпараттық-профилактикалық акция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар мен жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, АИТВ-инфекциясының алдын алу, ерте диагностиканың маңыздылығын түсіндіру және әр азаматтың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру. Акцияға Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері, медицина қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.
толығырақ »