Қараша 14, 2025

Өскеменде дәрігерлерге арналған АИТВ мәселелері бойынша облыстық семинар өтті
Өскеменде дәрігерлерге арналған АИТВ мәселелері бойынша облыстық семинар өтті
ЖИТС-пен күресудің дүниежүзілік күні қарсаңында Өскемен қаласында жалпы практика дәрігерлері мен учаскелік терапевтерге арналған мамандандырылған семинар өтті. Іс-шара 14 қарашада ұйымдастырылып, 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін айлық аясында жүзеге асырылды. Айлықтың мақсаты – АИТВ жұқпасының алдын алу шараларын күшейту және медициналық қызметкерлер арасында ақпараттануды арттыру. Семинар барысында ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары мен бөлім меңгерушілері алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін дәрігерлер күнделікті жұмысында кездесетін маңызды мәселелерді жан-жақты талқылады. Қатысушыларға өңірдегі және республикадағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық ахуал, 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізу көрсеткіштері, АИТВ-ның берілу жолдары және заманауи алдын алу тәсілдері түсіндірілді. АИТВ-ға клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру тақырыбы ерекше назар аудартты. Мамандар дәрігер қандай шағымдар мен белгілерге мән беруі керектігін, қандай жағдайларда пациентті АИТВ-ға талдауға жіберу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жүкті әйелдерді бақылау және АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу мәселелері де қарастырылды. Семинарда АИТВ инфекциясын емдеудің қазіргі тәсілдері, жаңа препараттар, біріктірілген емдеу сызбалары, резистенттілік мәселелері және қосымша аурулары бар пациенттерді жүргізудің ерекшеліктері түсіндірілді. Вирустық гепатиттерді қоса алғанда, қосалқы жұқпалар (ко-инфекциялар), олардың диагностикасы мен емдеу тактикасы да айтылды. Практикалық бөлімде қатысушыларға АИТВ-ға жедел тестілеу тәртібі көрсетіліп, АИТВ инфекциясының өршіп кеткен сатылары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету және ауруханаға жатқызудың көрсеткіштері талқыланды. Мамандар атап өткендей, жалпы практика дәрігерлерінің қырағылығы мен клиникалық көрсеткіштер бойынша пациенттерді дер кезінде АИТВ-ға тестілеуге жіберуі – инфекцияны ерте анықтаудың және тиімді емдеудің басты факторы. толығырақ »

Қараша 14, 2025

ШҚО-да АИТВ бойынша 2025 жылдың 10 айындағы көрсеткіштер баяндалды
ШҚО-да АИТВ бойынша 2025 жылдың 10 айындағы көрсеткіштер баяндалды
Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған брифингі өтті. Шара барысында орталық мамандары 2025 жылдың 10 айындағы жұмыс нәтижелерін жариялап, өңірдегі алдын алу бағытындағы негізгі міндеттерді атап өтті. Орталықтың мәліметінше, биылғы жылы АИТВ инфекциясын ерте анықтауға, тестілеумен қамтуды кеңейтуге және халықтың, әсіресе жастардың хабардарлығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигманы төмендету, медициналық ұйымдармен, білім беру мекемелерімен және үкіметтік емес сектормен ынтымақтастықты күшейту маңызды бағыттардың бірі болып отыр. ЖИТС орталығының өкілдері атап өткендей, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай облыста «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен түрлі акциялар, оқу семинарлары және тұрғындармен кездесулер өтуде. Іс-шаралардың мақсаты – халықтың ақпараттануын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және алдын алу қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту. Брифинг қорытындысы бойынша мамандар ақпараттық-түсіндіру жұмысының АИТВ-инфекциясы бойынша жағдайды тұрақтандыруға және халық арасында уақтылы тест тапсыру мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін негізгі құралдардың бірі екенін атап өтті. толығырақ »

Қараша 14, 2025

ШҚО-да «АИТВ-кеші» өтті: қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық туралы әңгіме
ШҚО-да «АИТВ-кеші» өтті: қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық туралы әңгіме
Қазақстан-Америка еркін университетінде «Қорқынышсыз өмір: қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық мәдениеті» тақырыбында «АИТВ-кеші 2025» фасилитаторлық дискуссиясы өтті. Шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық-ағартушылық кампания аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы. Кездесудің басты мақсаты — жастардың АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және АИТВ-ға қатысты стереотиптерді жоюға ықпал ету. Дискуссияға медициналық қауымдастық өкілдері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, сондай-ақ Қазақстан-Америка еркін университетінің бизнес, құқық және педагогика факультетінің декан орынбасары, қоғам қайраткері — Гүлжан Бақытбекқызы Еділбаева қатысты. Кездесу барысында қатысушылар қабылдау және өзін-өзі қолдау, АИТВ-нің алдын алуда отбасы мен қауымдастықтың рөлі, стигманы еңсеру жолдары, сондай-ақ қорғаудың және тестілеудің заманауи әдістері туралы пікір алмасты. Ашық диалог форматы студенттерге сұрақтар қоюға, өз пікірлерімен бөлісуге және мәселені нақты өмірлік оқиғалар арқылы түсінуге мүмкіндік берді. Талқылау соңында қатысушылар АИТВ – үкім емес екенін атап өтіп, өз денсаулығына қамқорлық пен тұрақты тестілеу – өмір мен денсаулыққа жауапты көзқарастың табиғи бөлігі екенін еске салды. толығырақ »

Қараша 14, 2025

Тексер! Таны! Өмір сүр!
Тексер! Таны! Өмір сүр!
Осындай ұранмен Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері №11 мекемесінің жасөспірімдеріне арнап акция өткізді. Акция Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында ЮНЭЙДС-тің «АИТВ-ге қарсы әрекетте – өзгерістерге жол» ұранымен ұйымдастырылды. Медицина қызметкерлері қатысушыларға АИТВ жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, алдын алу бойынша білім деңгейін анықтау үшін блиц-сұрақтар қойып, ауру төңірегіндегі мифтерді түсіндірді. Жасөспірімдер викторинаға қызығушылықпен қатысып, сұрақтарға жауап беріп, нәтижелерді талқылады. Барлығы өз сыйлықтарын алды. «АИТВ» тақырыбындағы синквейн қатысушыларға білімдегі олқылықтарды толықтыруға және іс-шараға эмоционалды реңк беруге көмектесті. Іс-шара барысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толеранттылық таныту мен қолдау көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Интерактивті бөлімде жасөспірімдерге шынайы өмірлік жағдайларды талдау ұсынылды. Бұл олардың қандай әрекеттер қауіп төндіретінін, ал қайсысы тек жалған түсінік екенін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді. толығырақ »

Қараша 14, 2025

SDU University студенттері АИТВ жайлы ашық талқылап, мифтерді бұзды
SDU University студенттері АИТВ жайлы ашық талқылап, мифтерді бұзды
2025 жылдың 13 қарашасында Қаскелең қаласындағы SDU университетінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ерекше акция өтті. Іс-шара дәстүрлі семинар форматында емес, «ВИЧеринка» түрінде, яғни жастарға арналған интерактивті, ашық атмосферада ұйымдастырылды. Кездесуге 50 шақты студент қатысып, ерекше қызығушылықпен мамандарға тікелей сұрақтарын қойды. Науқан Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, «Доверия плюс» қоғамдық қоры және «Teenergizer» қозғалысы мамандары мен бірлесіп ұйымдастырылды. Басты мақсат - жастардың АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін көтеру және қоғамдағы жаңсақ пікірлерді жою. Алматы облыстық ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері С. Махмутова студенттердің сұрақтарына жауап беріп, АИТВ туралы ең көп тараған қате түсініктерді жоққа шығарды. «Доверия плюс» ҚҚ-ның кеңесшісі С. Кабжалелов, АИТВ-мен ашық өмір сүріп жүрген адам ретінде, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол диагноздан кейінгі өмірі туралы қолдаудың, хабардарлықтың және әлеуметтік қабылдаудың маңыздылығы жайлы айтты. «Teenergizer» ұйымының резиденті Т. Молдағали АИТВ туралы ең маңызды деректермен бөлісіп, кең тараған мифтерді жоққа шығарды. Іс-шараның интерактивті бөлігінде студенттер АИТВ туралы сұрақтардан құралған 15 сұрақтық Kahoot онлайн-викторинасына қатысты. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Студенттер мамандарға ашық әңгіме мен пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулер қорқынышты сейілтіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрететінін атап өтті. Осындай науқандар Алматы облысының барлық өңірлерінде тұрақты түрде өткізіліп, жастар арасында АИТВ тақырыбына деген толерантты және саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.   толығырақ »

Қараша 13, 2025

Астаналық дәрігерлер вирусты гепатитті емдеудің қолжетімділігін талқылады
Астаналық дәрігерлер вирусты гепатитті емдеудің қолжетімділігін талқылады
2025 жылғы 12 қарашада Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы «Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымымен бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні акциясы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының медицина қызметкерлеріне арналған жалпықалалық семинар өткізді. Семинар «АИТВ-мен ауыратын науқастарды басқару. Вирусты гепатит диагностикасы мен емдеудегі пациенттің жүру жолы. Пациенттің құқықтары мен міндеттері» тақырыбына арналды. АИТВ орталығы директорының міндетін атқарушы Д.В. Панченко сөз сөйлеп, АИТВ жұқтырған науқастар арасында вирустық гепатиттің алдын алу мен емдеудің маңыздылығын, ко-инфекциямен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау мәселесін атап өтті. Қалалық гепатоцентрдің басшысы К.А. Шамсивалиева АИТВ және алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мен гепатоцентрдің өзара әрекеттесу реттілігіне тоқталды, сонымен қатар пациенттерді емдеуге жіберу тәртібі де талқыланады. Семинар ұйымдастырушыларының айтуынша, қазіргі уақытта АИТВ-инфекциясы бар науқастарда созылмалы вирустық гепатиттерді емдеуге көп көңіл бөлінеді. Себебі АИТВ-инфекциясы вирусты гепатитке байланысты бауырдың зақымдануының дамуын тездетеді, әсіресе иммунитет тапшылығы бар науқастарда, өйткені ол қандағы ВГС- концентрациясының 2-8 есе жоғарылауына ықпал етеді, бұл асқынуларға және ұзақ емдеуге әкеледі. Іс-шараның соңында тараптар ко-инфекцияны емдеу бойынша одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. толығырақ »

Қараша 13, 2025

«Қайрат» клубының футзал ойыншылары АИТВ-ға тестілеуден өтті және хабардар болуға  шақырды
«Қайрат» клубының футзал ойыншылары АИТВ-ға тестілеуден өтті және хабардар болуға шақырды
«Қайрат» футзал клубының футболшылары Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық науқанға белсенді қатысты. Ойыншылар АИТВ-ға жауап беру сөзден емес, нақты істерден басталатынын көрсетті.  Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ниет білдірген барлық спортшылар мен клуб мүшелері үшін экспресс-тестілеу өткізді. Қатысушылар өздерінің АИТВ-мәртебесін тегін және жасырын түрде біле алды, сонымен бірге, мамандарға қорғаныс шаралары туралы сұрақтар қойды. Тестілеумен бірге спортшылар мен жаттықтырушылар үшін қорғаныс тәсілдері, тұрақты тексерулердің маңыздылығы мен АИТВ-ға байланысты жалған ақпараттар туралы ағартушылық әңгімелесу жүргізді. Медицина қызметкерлері заманауи терапия оң нәтижесі бар адамдарға толыққанды өмір сүру және спортпен шұғылдану мүмкіндігін беретінін атап өтті. «Қайрат» ойыншлары аталған бастамаларға қолдау көрсетеіндерін білдірді және спорт – денсаулық, төзімділік пен жауапкершілік идеяларын насихаттау үшін тиімді өріс болатынын ескертті. толығырақ »

Қараша 13, 2025

Алматы қаласының өрт сөндірушілері АИТВ-ға қарсы науқанға қосылды
Алматы қаласының өрт сөндірушілері АИТВ-ға қарсы науқанға қосылды
Алматы қаласындағы Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған жасағы Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық науқанға қосылды. толығырақ »

Қараша 13, 2025

Алматы қаласындағы №1 гимназияның  жүзден астам оқушысы АИТВ профилактикасы туралы білді
Алматы қаласындағы №1 гимназияның жүзден астам оқушысы АИТВ профилактикасы туралы білді
11 қараша күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай өткізіліп жатқан ақпараттық науқан аясында Алматы қаласындағы №1 гимназияның оқушыларына арнап тернинг өткізді. толығырақ »

Қараша 13, 2025

Алматының болашақ дәрігерлері АИТВ ның алдын алу шараларын зерттеді
Алматының болашақ дәрігерлері АИТВ ның алдын алу шараларын зерттеді
Алматы жоғары медициналық колледжінің білімгерлері АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған семинарға қатысты. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында өтті. Қатысушылар алдында Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының тәжірибелі дәрігерлері сөз сөйледі. Спикерлер АИТВ-ның алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері туралы айтып, инфекцияны ерте анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында қауіпсіз мінез-құлық, денсаулықты қорғау және вирустың таралуын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Болашақ дәрігерлер медицина қызметкерлерінің халықты ағартудағы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигманың деңгейін төмендетудегі маңызды рөлін ескертті. Кездесу барысында білімгерлер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, заманауи дәрігерлердің салауатты қоғамды қалыптастыруға қалай ықпал ететіні туралы өз ойларымен бөлісті. Пациенттердің нақты оқиғалары да ұсынылды, бұл қатысушыларға мәселенің эмоционалды және әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге көмектесті. Мұндай семинарлар білімгерлерге қажетті білім алуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық денсаулық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға көмектеседі. толығырақ »