Шілде 30, 2026

Жетісу облысында АИТВ-инфекциясының сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеді.
Жетісу облысында АИТВ-инфекциясының сырқаттанушылық көрсеткіші төмендеді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. толығырақ »

Шілде 28, 2026

Ақтөбе облысында АИТВ-инфекциясының тіркелу көрсеткіші төмендеді
Ақтөбе облысында АИТВ-инфекциясының тіркелу көрсеткіші төмендеді
Ақтөбе облысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Өңірде аурудың жаңа жағдайларының саны тұрақты түрде төмендеп келеді: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 26%-ға азайды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ жұқтыру жағдайлары, сондай-ақ инъекциялық есірткі қолдану арқылы (есірткі тұтынушылар арасында) АИТВ-ның парентералды жолмен берілу жағдайлары тіркелген жоқ. толығырақ »

Шілде 21, 2026

Аурудың алдын алудан сүйемелдеуге дейін: ҚДИАҒО-да «Community Friends» қорының тәжірибесі таныстырылды
Аурудың алдын алудан сүйемелдеуге дейін: ҚДИАҒО-да «Community Friends» қорының тәжірибесі таныстырылды
ҚДИАҒО-да медицина қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен «Community Friends» қоғамдық қорының аутрич-қызметкерлері еліміздегі жетекші үкіметтік емес ұйымдардың бірінің жұмыс тәжірибесін талқылады. толығырақ »

Шілде 17, 2026

АИТВ-ның тиімді алдын алу: Ақтөбе облысындағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері
АИТВ-ның тиімді алдын алу: Ақтөбе облысындағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша Ақтөбе облысы АИТВ-ның алдын алуда маңызды жетістікке қол жеткізді: жаңадан анықталған жағдайлар арасында парентеральды жолмен берілетін бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Барлық жаңа жағдайлар тек жыныстық жолмен берілуімен байланысты, бұл есірткіні инъекциялық жолмен қабылдайтын адамдар арасында ұзақ мерзімді алдын алу жұмыстарының тиімділігін көрсетеді. толығырақ »

Шілде 16, 2026

Мұстафа Рысұлы дүниеден өтті
Мұстафа Рысұлы дүниеден өтті
ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының ұжымы белгілі ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор, дарынды ұстаз, жастардың тәлімгері әрі терең білімді тұлға Мұстафа Рысұлының 76 жасқа қараған шағында дүниеден өтуіне байланысты қайғыға ортақтасады. толығырақ »

Шілде 13, 2026

Заманауи жабдықтар АИТВ-инфекциясын диагностикалау мүмкіндіктерін кеңейтеді
Заманауи жабдықтар АИТВ-инфекциясын диагностикалау мүмкіндіктерін кеңейтеді
Ақтөбе облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында 2026 жылы зертханалық қызметті жаңғырту жалғасуда. Liaison XL автоматты иммунохимиялық анализаторы пайдалануға берілді, бұл зертханалық диагностиканы жетілдірудің және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырудың маңызды кезеңі болды. Жаңа жабдық автоматтандырылған режимде орындалатын АИТВ-инфекциясына зерттеулер көлемін едәуір арттыруға, зертханалық зерттеулер жүргізу уақытын қысқартуға және нәтижелердің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Заманауи технологияларды енгізу зертхана жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді және АИТВ-инфекциясын уақтылы диагностикалауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, орталықта CD3, CD4, CD8 және CD45 жасушалық популяцияларын жоғары дәлдікпен автоматтандырылған талдауға арналған Mindray bricyte E6 жаңа буын ағындық цитометрі іске қосылды. Заманауи цитометрді қолдану пациенттердің иммунологиялық мәртебесін жедел және жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді, бұл АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды бақылау, антиретровирустық терапияның тиімділігін бағалау және уақтылы клиникалық шешімдер қабылдау кезінде маңызды. "Орталықты заманауи автоматтандырылған жабдықтармен жабдықтау-зертханалық қызметті дамытудағы маңызды қадам. LIAISON XL анализаторын іске қосу автоматтандырылған жабдықта орындалатын АИТВ-инфекциясы бойынша зерттеулердің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді және Mindray bricyte E6 ағынды цитометрін пайдалану иммунологиялық диагностика мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті. Бұл зертхананың өнімділігін арттыруға ықпал етеді, зерттеулердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді және АИТВ-инфекциясын уақтылы анықтауға, сондай - ақ пациенттердің иммундық жүйесінің жай-күйін тиімді бақылауға мүмкіндік береді" - деп атап өтті диагностикалық зертхана меңгерушісі Гулмира Кульжанова. Орталықтың материалдық-техникалық базасын дамыту диагностиканы жетілдіруге, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға және халықты заманауи медициналық технологиялармен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстың басым бағыттарының бірі болып табылады. Автоматтандырылған зертханалық жүйелерді енгізу денсаулық сақтаудың заманауи талаптарына сәйкес келеді және өңірде медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі арттыруға ықпал етеді. толығырақ »

Шілде 13, 2026

ҚДИАҒО резиденттерінің қорытынды аттестациясы басталды
ҚДИАҒО резиденттерінің қорытынды аттестациясы басталды
Қорытынды мемлекеттік аттестацияға 33 резидент қатысып жатыр. Олардың барлығы оқу бағдарламасын толық меңгеріп, жеке оқу жоспарын ойдағыдай орындап шықты. толығырақ »

Шілде 10, 2026

Түркістанда облыстық әкімдік қызметкерлеріне арналған семинар өтті
Түркістанда облыстық әкімдік қызметкерлеріне арналған семинар өтті
ТүркістаноблыстықАИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының медицинақызметкерлеріоблысәкімдігініңмамандарыүшінсеминарөткізді. толығырақ »

Шілде 10, 2026

Алматыда жыл басынан бері 20 мыңға жуық донор АИТВ тексерілді
Алматыда жыл басынан бері 20 мыңға жуық донор АИТВ тексерілді
Бірінші жартыжылдықтағы бірлескен жұмыстың қорытындысын , Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары, қан орталығының қызметкерлері және медициналық ұйымдардың трансфузиолог-дәрігерлері 9 шілдеде өткен онлайн-кеңесте талқылады. толығырақ »

Шілде 9, 2026

Жастар және АИТВ профилактикасы: Шымкентте жаңа тәсілдер талқыланды
Жастар және АИТВ профилактикасы: Шымкентте жаңа тәсілдер талқыланды
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы  күрес жөніндегі  орталығында жастар денсаулық сақтау орталықтарының АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізудегі және жастарды тартудағы рөлі туралы дөңгелек үстел отырысы өтті. толығырақ »