Медбикелер мен аутрич жұмыскерлерге арналған оқыту семинары

 

Сәуір 25, 2024

25 сәуір 2024 жылы ШЖҚ “Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығында  “Халықтың осал топтары арасында 2024 жылдың 1 тоқсанында атқарылған алдын алу  жұмыстары” тақырыбында сенім бекеті мен достық кабинеті медбикелеріне және аутрич жұмыскерлерге арналған оқыту семинары өткілді.

 

Семинарда ҚР ДСМ №137/2020 «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» заңның қолданылу аясы талқыланды. Халықтың осал тобының негізгі мәселелері көтерілді, осы топтармен жұмыс жасаудағы  қиындықтар туралы айтылып, сенім бекеті мен достық кабинеті медбикелері мен аутрич жұмыскерлерге  орталықтың психолог маманы Г. Қабдола қалай дұрыс әлеуметтік-психологиялық кеңес берудің маңызын айтып, білімімен бөлісті.

Сондай-ақ, Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің мамандары халықтың осал топтары арасында АИТВ инфекциясын алдын алу мәселелеріне тоқталып, 2024 жылдың 1 тоқсанында атқарылған профилактикалық жұмыстарға 2023жылдың 1 тоқсанымен салыстырмалы түрде талдау жасалды. Клиенттерді жеке есепке алу базасын толтырудағы қателіктер мен қиындықтар талқыланды. №137/2020 «АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» заңңың 2-ші қосымшасына басшылыққа ала отырып үлестірмелі заттардың таратылуын қадағалауды тапсырылды. Халықтың негізгі топтарымен жұмыс жасаудағы аутрич жұмыскерлерінің рөлі және маңыздылығы айтылып, аутрич жұмыскерлерге ескертпе таратылды.

барлық жаңалықтар »