Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ ның алдын алу жұмыстары  

 

Сәуір 18, 2024

ҚАЖ мекемелерінде бас бостағынан айырылғандар мен жеке құрамдағы қызметкерлер арасында, Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алумақсатындаэпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізеді.

 

2024 жылдың 16 сәуірінде Жауғашты ауылында орналасқан №10 және Заречный кентіндегі №12 түзету мекемелерінде АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбы бойынша дәрістер өткізілді, кездесу бөлмелерін мүшеқаптармен, буклеттермен, брошюралармен және жадынамалармен қамтамасыз етті. 2023 жылы Алматы облысының эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат берілді. АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен факторлары, берілмейтін жағдайлар жайында нақты көрсетілді. Сонымен қатар, есірткі тұтынудың зардабы, вирустық гепатит және АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттарды арттыру бойынша сабақ өткізілді. Бас бостағынан айырылғандар 746-дан астам адам, жеке құрамның 90 қызметкері, 22 медицина қызметкері қамтылды.

ІІМ ҚАЖ мекемелерінде санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу бойынша жағдайды бақылауға ғана емес, тұрақтандыруға да көмектеседі деп,  Алматы облысының ЖИТС орталығының эпидемиолог маманыН.А. Касымоватап өтті.

барлық жаңалықтар »