Біздің мамандар ауылға шықты

 

Мамыр 2, 2024

2024 жылдың 2 мамыр күні Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог пен инфекционист дәрігерлері Талғар ауданы, Панфилов ауылдық ауруханасына ұйымдастыру-әдістемелік көмек пен биоматериалды зертхана алды дұрыс алу, құжаттарды толтыру сияқты мәселелері бойынша мониторингтік сапар жасалды.

Мониторнигтік кездесу аяғында медициналық қызметкерлерге семинар оқылды. Семинарда АИТВ инфекциясының және басқа да гемоконтактілі инфекциялардың профилактикасы жайлы АО ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің дәрігер эпидемиологы А. Ахметбеков баяндады.Сонымен қатар, инъекция және басқа да инфузиялық процедуралардың қауіпсіз тәжірибесімен бөлісті.

Ал, дәрігер инфекционист Г. Османова АИТВ инфекциясының клиникасына, еміне толық тоқталып, 26.01.2022 жылы шыққан №180 клиникалық хаттамамен таныстырды. Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС бойынша бірлескен бағдарламасының 95-95-95 талабының Алматы облысы бойынша көрсеткішін көрсетті. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың АРТ-ға бейімділігі, оларға медициналық көмек көрсету жағдайлары толық түсіндірілді.

«Әрбір дәрігер АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсете білуі, жұғу жолдары мен инфекциядан қорғану әдістерін біліп, оларды кеңінен насихаттауы керек», - дейді инфекционист Г.Османова.

Семинар соңында ойын түрінде тапсырмалар орындалып, өзекті мәселелер талқыланды.

 

барлық жаңалықтар »