ЮНФПА субөңірлік кеңсесінің басшысымен кездесу

 

Сәуір 18, 2024

 ҚДИАҒО директоры Б.Байсеркин  және ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың АИТВ бойынша ұлттық үйлестірушісі Т.Давлетгалиева 18 сәуірде-ЮНФПА-ның Алматыдағы субөңірлік кеңсесінің жаңа басшысы Серхио Эсперанза мырзамен   жұмыс кездесуін өткізді.

 

ҚДИАҒО және ЮНФПА - бұрыннан келе жатқан іскер серіктестер, олардың есебінде бірнеше сәтті іске асырылған жобалар бар. Тиімді ынтымақтастық көптеген жылдар бойы жалғасып келеді.

Бүгінгі кездесуде тараптар Қазақстандағы АИТВ бойынша жағдайды, бірлескен жұмыс тәжірибесін талқылады, сондай-ақ ынтымақтастық үшін бағдарларды белгіледі.

Серхио Эсперанза мырзаның бұрын АИТВ саласында үлкен тәжірибесі бар, оның осы жолғы тәжірибесі де Қазақстанда да пайдалы әрі жемісті болатыны сөзсіз.

барлық жаңалықтар »