Ғылым күні аясында

 

Сәуір 5, 2024

11-12 сәуірде Алматыда, Қазақстан қонақ үйінде "Ж.Ә. Оразымбетова атындағы V дерматологиялық оқулар" атты Ғылым күні аясында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтпек.

 

Іс-шараның ұйымдастырушысы – "Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамы" ҚБ, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақстан-Ресей медициналық университетінің Дерматовенерология кафедрасымен серіктестікте"Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК болып табылады.

Дерматологиялық оқулар – бұл оқытушы, ғалым, профессор, белгілі дерматовенеролог Жұмагүл Әбішқызы Оразымбетованы еске алуға арналған жыл сайынғы іс-шара. Ол дерматовенерологиялық қызметтің ғалымдары мен клиник мамандарына ұстаздық жасап, тәрбиелеп шығарған.

Оқулар дәстүрлі түрде ғылыми қарым-қатынастың тұрақты жұмыс істейтін алаңын құру, пәнаралық өзара іс-қимылдарды құру, озық тәжірибе алмасу және оны дерматовенерология, дерматокосметология және соған байланысты мамандықтар саласында медициналық көмек көрсету кезінде енгізу үшін өткізіледі.

Халықаралық конференцияға қатысушылар арасында Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Оңтүстік Корея, Ливия, Оман, Ресей, АҚШ, Франция ғалымдары мен дәрігерлері бар.

Бағдарламада: презентациялар, пікірталастар, озық тәжірибелермен алмасу, постерлік баяндамалар, жас мамандар байқауы.

барлық жаңалықтар »