Наурыз бүкіл ел бойынша өтуде

 

Наурыз 22, 2024

Биылғы жылдан бастап Қазақстанда көктем мен жаңару мерекесі жаңа форматта атап өтілуде. 14-23 наурыз аралығында Наурызнамның онкүндігі өтеді.

"Наурыз жаңаруды бейнелейді және оны жаңа тәсілдермен атап өту керек: мазмұнды, креативті, жаңа айрықша элементтерді енгізумен. Бұл қоғамның шоғырлануына, ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін", - деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Көктемгі мереке қарсаңында ҚДИАҒО бірқатар қызметкерлері 8 наурыз құрметіне орай ҚР ДСМ министрінің грамоталарымен марапатталды. Олардың ішінде директордың орынбасары Б.Тұрдалиева, бас бухгалтер Л. Яшева, Бөлім меңгерушілері - С. Қасымбекова және А. Таубаева, оқытушы А. Аринова, эпидемиолог көмекшісі Х. Алимовалар бар. Әріптестерімізді құттықтай отырып, шын жүректен зор денсаулық және жаңа табыстар тілейміз!

Наурыз бүкіл ел бойынша аталып өтілуде. Мереке құтты болсын, қазақстандықтар! Әрқашан бейбітшілік, денсаулық, жақсылық болсын!

барлық жаңалықтар »