Алдын алу жұмысы –ерекше бақылауда

 

Наурыз 14, 2024

2024 жылдың 14 наурыз күні Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы  №54179 және №86621әскери бөлім қызметкерлеріне «АИТВ инфекциясынан өзіңді қорға» тақырыбында семинар жүргізілді.

 

Қызметкерлерге АИТВ-ның алдын алу жайлы дұрыс ақпарат беру мақсатымен, Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог мамандарыЛ. Танабаева мен И.Сағынгелді түсіндіру жұмысы өткізілді.

Инфекцияның келтірер залалдары, одан сақтанудың жолдары жайлы әскери бөлім қызметкерлеріне егжей-тегжейлі айтылды. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады: салауатты, әдепті өмір сүру, кездейсоқ жыныстық қатынастан сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын АИТВ жұқтыру қаупі арта түседі), стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану, өз денсаулығына жауаптылықпен қарау, бала тәрбиесін басты назарда ұстап, жасөспірімдерге өнеге болуды мақсат ету, нашақорлықтан, зиянды әдеттерден аулақ болудың пайдасы жайлы 400-ге жуық  ақпараттық  түсіндіру құралдары таратылып, 270 адам қамтылды.

 

барлық жаңалықтар »