Өз денсаулығың өз қолыңда

 

Наурыз 12, 2024

БҰҰ-ның ұйғарымымен биылғы 1 - наурыз Кемсітушілікке қарсы күрес күнінің тақырыбы "Әр адамның денсаулығын қорғау үшін, әр адамның құқығын қорғау қажет" болып бекітілді.

 

Осы науқан аясында облыстағы оқу орындарында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты- АИТВ- инфекциясының алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың медициналық қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін факторларды жою болып табылады. Осы мақсатта жастар мен жасөспірімдер арасында іс-шаралар өткізілді. Соның бір айғағы қаладағы Оқушылар үйінде, №171, №217 орта мектептерде оқушылар мен мұғалімдер арасында кездесу болды. Кездесу барысында ЖИТС орталығының маманы АИТВ-ның жұғу жолдары мен сақтану шаралары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма, дискриминация (алалау, кемсіту) жағдайларын болдырмау жайлы кеңінен айтылды. Егер АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқығы қорғалса, олар медициналық, психологиялық-әлеуметтік –моральдік көмекті кедергісіз алып отса онда ЖИТС-ті тоқтата аламыз.     

АИТВ жұқпасының алдын алу әр адамның міндеті. Денсаулығыңызға зиян келтіретін әдеттерден бас тарту ең алдымен өзіңізге пайдалы. Салауатты өмір салтын ұдайы әрі тиімді қалыптастырсақ, бұл болашақтың сенімді кепіліне айналады», - деп атап өтті ЖИТС орталығының педагогы Н.Смағұлова.

 

барлық жаңалықтар »