ЮНЭЙДС-тің кеңейтілген отырысы

 

Наурыз 11, 2024

11 наурызда Алматыда ұлттық серіктестерді, халықаралық ұйымдар мен қоғамдастықтардың өкілдерін шақыра отырып, БҰҰ-ның АИТВ/ЖИТС бойынша Біріккен тобының кеңейтілген отырысы болып өтті.

 

ҚДИАҒО бастамасы бойынша қатысушылар 2024-2025 жылдары Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан АИТВ-инфекциясының алдын алу жобаларын талқылады.

ҚДИАҒО директоры Б. Байсеркин кеңесті аша отырып, былай деді:

- Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асыратын жобалар туралы білу үшін мұндай кездесулерді тоқсанына бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз. БҰҰ-ның 95-95-95 мақсаттарына қол жеткізуге әсер ететін қызмет барысын және жекелеген бағыттардың күшеюін қадағалау маңызды.

Қатысушылар UBRAF механизмімен және БҰҰ агенттіктерінің - ЮНФПА, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЮНОДС және БҰҰДБ, ЕҮК Хатшылығы, сондай-ақ ПЕПФАР, ICAP, САPLА  2024-2025 жылдарға арналған жоспарларымен танысты.

ҮЕҰ өкілдерінің тұсаукесерлерінен қатысушылар АИТВ-мен ауыратын әйелдерге арналған менторлық бағдарламамен, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етумен, жастармен жұмыс істеумен, мигранттар арасында профилактика моделімен және басқалармен байланысты жобаларды іске асыру туралы біліп қайтты.

Талқыланатын басым бағыттардың қатарына АИТВ - ға тестілеу, Н=Н науқаны, ЖДП, АӨА стигма мен кемсітуге қарсы тұру жатады.

 

барлық жаңалықтар »