Қарасай ауданының халқымен кездесі өтті

 

Наурыз 6, 2024

Алматы облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының қатысуымен АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша Қарасай ауданында кездесу өтті.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығы мен Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасының ұйымдастырумен Үшқоңыр ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді аудан әкімінің  орынбасары Атшабаров Рустам Әмірғалиұлы ашып берді. АИТВ инфекциясы кезіндегі стигма мен дискриминация тақырыптар легін Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара Тастандықызы бастап берді. Қарасай аудандық аурухана инфекционист дәрігері АИТВ кезіндегі клиникалық көріністер туралы баяндаса, ЖИТС орталығының мамандары жалпы эпидемиологиялық ахуал мен байланысқа дейінгі және кейінгі алдын алу бойынша сөз қозғады. Кәмелетке толмағандардың есірткі мен психобелсенді заттарды тұтынуы және инъекциялық есірткі тұтынушылар арасындағы АИТВ инфекциясын таралуы жайлы нарколог дәрігер баяндама жасады.

Қарасай ауданында 2023 жылдың қорытындысы бойынша 41 жаңа жағдай тіркелген, оның басым көпшілігі 20-39 жас аралығында.

Кездесуге 300 адам келіп, оның 98-і жедел тестілеумен қамтылды.

 

 

барлық жаңалықтар »