РОП-2024

 

Наурыз 1, 2024

  26 ақпан - 1 наурыз аралығында Манила қаласында Қазақстаннан келген делегацияның қатысуымен АҚШ Президентінің АИТВ/ЖИТС-пен күрес жөніндегі Төтенше жоспары (ПЕПФАР) шеңберінде 2025-2026 жылдарға арналған жұмыс жоспарын әзірлеу бойынша кеңес болып өтті.

 

Форум жұмысына Азия өңірінің 12 елінен делегация қатысты. Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар бастап барды.

Пікірсайыс барысында қатысушылар келесі екі жылға арналған негізгі іс-шараларды әзірледі, олар ҚДИАҒО, ҮЕҰ, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қормен және ЮНЭЙДС-пен келісілді.

PEPFAR бағдарламасының елшісі доктор Джон Н. Нкенгасонг (John N. Nkengasong) Қазақстанның АИТВ-ға қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асырудағы жетістіктері мен табыстарын жоғары бағалады және мемлекеттік сектордың, қауымдастықтардың және халықаралық ұйымдардың алдын алу мен емдеуді жақсарту мәселелеріндегі тығыз ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдірді. Ол ҚДИАҒО директоры Б. Байсеркинге Қазақстандағы вирустық жүктеме зерттеулерінің жоғары қамтылуы үшін марапатты табыс етті.

 

  

барлық жаңалықтар »