Алматы білімгерлері кемсітушілікке қарсы

 

Наурыз 1, 2024

Алматыда, Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында 1 наурызда АИТВ-инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу бойынша жастардың хабардарлығын арттыруға арналған іс-шара өтті. Маңызды бастаманың ұйымдастырушысы Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы болды.

Бүгін, Кемсітушілікке қарсы  күні  жігіттер мен қыздар АИТВ-инфекциясын диагностикалау және алдын алу жолдары туралы маңызды ақпарат алды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар туралы әңгімелер тағы бір өзекті ақпарат болды. Олар стигма мен кемсітушілікке неге жол берілмейтінін түсіну үшін маңызды.

1 наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен Кемсітушілікке қарсы  күні атап өтіледі. Биылғы жылдың ұраны – «Әркімнің денсаулығын қорғау үшін – әркімнің құқығын қорғау». 2024 жылы Кемсітушілікке қарсы  күні әлемде оныншы рет аталып өтілуде. Әр адамның құқығын қорғау- біздің ортақ міндетіміз. Егер әркімнің құқығы қорғалса, біз АИТВ-ны жоя аламыз.

Іс-шарада студенттер дәріс пен медициналық кеңестерді тыңдап қана қоймай, өздерінің АИТВ-мәртебесін білуге ниет білдірді. Ол үшін  тестілеуге дейінгі және тестілеуден кейінгі кеңес берумен экспресс- тестілеу жүргізілді, оны 25 адам тапсырды.

- Әр адам өз денсаулығы туралы ойланып, өзіне және жақындарына қауіп-қатерді бағалауы керек. АИТВ-на үнемі тестілеу - бұл ең алдымен өз денсаулығын ойлауды білдіреді - деді АИТВ-на алғаш рет тест жасаған Нұрлан.

Алматы қаласы ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-на тестілеуді кез келген медициналық ұйымда тегін және жасырын өтуге болатынын атап өтті. ЖИТС орталығының өзінде АИТВ тестілеу және емдеу бойынша сенімді нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық жағдайлар бар-заманауи жабдықтар, аккредиттелген зертхана, даярлаудан өткен мамандар. Мұнда білікті тестке дейінгі және тесттен кейінгі кеңестер өткізіледі, психолог жұмыс істейді.

 

барлық жаңалықтар »