ПАВЛОДАРДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 

Қараша 21, 2023

Павлодар облыстық АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының, полиция департаментінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп дөңгелек үстел өтті.

«Көшбасшылық – қауымдастықтарға» науқанына «Ты не один», «Герлита», «Тауан» қоғамдық қорлары қатысады. ЖИТС-сервистік ұйымдар мобильді топтармен, Жастар денсаулық орталықтарымен Железин, Павлодар аудандарының ауылдарына акциялар, Ашық есік күндері, отырыстар өткізу және кеңес беру үшін барады.

Екібастұзда: Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1, ГРЭС-2 станциясында, инженерлік-техникалық институтта, политехникалық колледжде, мектептерде ауқымды акциялар өткізу жоспарланған. Кездесу барысында студенттер мен энергетиктер АИТВ-ға жедел тестілеуден өтеді, дәрігерлерден кеңес алады.

Акция облыстық жастар бастамаларын дамыту орталығында полиция департаментінің қатысуымен өтеді. Бұл күндері акцияға қатысушылар, ҮЕҰ еріктілері жастарды АИТВ-ға тексеруден өтуге, АИТВ-статусын білуге шақырады.

АИТВ-ның таралу жолдары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма және кемсітушілік туралы ақпараттық материалдарды тарату науқанның маңызды элементі болып табылады.

барлық жаңалықтар »