Қоғамдастық күштерімен мониторингілеу: модельдері, механизмдері, тәжірибелері

 

Қараша 20, 2023

Бұл кездесу 20 қарашада, Қазақстанның "Көшбасшылық – қоғамдастықтарға" ұранымен Дүниежүзілік науқанға қосылған күні болып өтті.

Ұйымдастырушылар: ЮНЭЙДС пен АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы, олар диалог алаңына мемлекеттік, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық белсенділердің өкілдерін өзекті тақырыпты - модельдерді, тетіктерді, табысты тәжірибелер мен қоғамдастық күштерімен мониторингілеу үлгілерін талқылау үшін жинады.

АӨА Қазақстандық одағының президенті Н. Аманжолов қоғамдастық күштері жүргізетін АИТВ саласындағы мониторинг — бұл қызметтердің сапасы мен олардың қолжетімділігін жақсарту үшін есеп беру тетігі екенін атап өтті. Бұл АИТВ-ға қарсы тұру үшін қоғамдастық жүргізетін жауап шаралар кешенінің құрамдас бөліктерінің бірі.

А. Бокажанова (ЮНЭЙДС): ҚР - дағы табысты тәжірибелердің бірі - АРТ бағасының төмендеуі екенін айтып өтті. Қазақстандық АӨА одағы осы бағыттағы жұмысты халықаралық ұйымдармен және ҚДИАҒО-мен бірлесіп 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді. Жекелеген препараттар бойынша 40 есе төмендеуге қол жеткізілді! Тағы бір сәтті тәжірибе - Pereboi.kz сайты. Сайттың ақпараты адвокаттық жұмыста белсенді қолданылуда.

ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қор жобасының 2024-2026 жылдарға арналған жоспарларымен ЖҚ жобасының ұлттық үйлестірушісі Т.Давлетгалиева, ал USAID инклюзивті даму жөніндегі маманы А. Смагулова Рepfar нұсқаулығына сәйкес қауымдастық күштерінің мониторингімен таныстырды.

Қатысушылар бүгінде Қазақстанда заңнамадағы және мемлекеттік мекемелердің жұмыс алгоритмдеріндегі өзгерістерге ықпал ететін қоғамдастық базасында мониторинг табысты жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мониторинг қауымдастық топтарына қадағалау және бақылау функцияларын өздері орындауға мүмкіндік береді. Қауымдастық күштерімен мониторингілеудің деректері нәтижелерді жақсарту үшін не істеу керектігі туралы нақты ұсыныстармен қандай шаралар тиімді және қайсысы тиімсіз және нені түзету қажет екендігі туралы дәлелді деректер массивін құрайды

барлық жаңалықтар »