Астана қаласының Жастар денсаулық орталықтарынасеминар өтті

 

Қараша 17, 2023

2023 жылғы 17 қарашада Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында медициналық ұйымдар жанындағы Салауатты өмір салты кураторлары мен Астана қаласының МСАК жанындағы жастар денсаулық орталықтарының өкілдеріне арнап өтті.

Іс-шараны АИТВ орталығының директорының орынбасары С.Абдраимов ашып «ЖИТС-тің алғашқы жағдайлары әлемде тіркелгеннен бері қырық жыл өтсе де, АИТВ әлі де жаһандық қауіп болып табылады. АИТВ жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі тобы стигма мен кемсітушілікке жиі тап болады. ЮНЭЙДС-тің «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» ұраны тек 1 желтоқсанда ғана естілмейді. Бұл осы жылдың қараша айында басталатын және ұзақ уақыт бойы жалғасатын іс-шаралардың ұраны болады», - деді ол.             

Іс-шара барысында Астана қаласындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық ахуал, жасөспірімдерге АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша кеңес беру ерекшеліктері және АИТВ-ның алдын алудың заманауи әдістері туралы, сондай-ақ алдағы ЖИТС-пен күрес жөніндегі Дүниежүзілік науқан шеңберінде іс-шараларды өткізу туралы презентациялар ұсынылды.        

Семинарды СӨС орталығының директоры К.Хамзин аяқтады «Біз сіздерді жалпы қалалық іс-шараларымызға қосылып, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндікке белсенді қатысуға шақырамыз және Жастар денсаулық орталықтарының еріктілерімен қоса, бекітілген мектептерде, колледждерде және ЖОО-да акциялар, флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, викториналар, семинарлар, дәрістер және т.б. ұйымдастыруыңызды сұраймыз".

барлық жаңалықтар »