Алматы қаласы ЖИТС орталығының медицина қызметкерлеріне арналған шебер-класс

 

Қазан 12, 2023

Алматы қаласы ҚДБ «Житс алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» медицина қызметкерлеріне арналған  шебер-класс.

Алматы қаласы «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» қызметкерлері АИТВ саласындағы ғылым практикаға қалай енгізілетіні туралы көптеген қызықты және пайдалы ақпаратпен танысты.

Шебер-класты 12 қазанда Колумбия университетінің Мейлман Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің әлеуметтік-денсаулық ғылымдары департаментінен келген Тара Маккриммон, МРН, MIA өткізді.

Тара Маккриммон енгізу туралы ғылым ғылыми негізделген тәжірибенің халықтың денсаулығына оң әсер етуін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Ол зерттеудің негізгі кезеңдері, стратегиялары туралы айтып, тарату және енгізу бойынша зерттеулердің айырмашылығы неде екенін түсіндірді.

АИТВ саласындағы нақты практикалық мысалды көрсету шебер-кластың маңызды бөлігі болды. Америкалық ғалым Қазақстанда сенім пункттері үшін АИТВ бойынша қызметтердің кеңейтілген және интеграцияланған пакетін іске асыру тиімділігінің талдауын ұсынды (БРИДЖ бағдарламасы) .

Бағдарлама еліміздің үш өңірінде, соның ішінде Алматыда 24 сенім пунктін қамти отырып енгізілді.

Бағдарламаны іске асырудың қорытындысы сенім пункттеріне қатысудың артуы болды, АИТВ-ға экспресс тестілеуді жасағысы келетін жаңа клиенттердің саны көбейді. Тренингтер мен бақылаулар сенім пункттерінің қызметкерлеріне клиенттермен жұмыс  жасаудың тиімділігін және қарым-қатынасқа деген сенімділікті арттыруға көмектесті.

барлық жаңалықтар »