1 желтоқсандағы науқанды талқылау

 

Қазан 12, 2023

12 қазанда ҚДИАҒО-да 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні-2023 құрметіне болашақ науқан талқыланды.

1 желтоқсандағы ұран - "Көшбасшылық - қауымдастықтарға". "Бүгін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні - бұл қоғамдық жетістіктерді еске алу күні ғана емес, бұл қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейтетін және оларға осы күресті басқаруға көмектесетін әрекеттерге шақыру", - деп атап өтті ЮНЭЙДС.

Науқан Қазақстанда 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтпек. Бұл күндері еліміздің барлық өңірлерінде басты тақырыпқа назар аударуға, АИТВ туралы білімді арттыруға, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға төзімділікті арттыруға бағытталған акциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер және басқа да іс-шаралар өтеді.

1 желтоқсанда Алматыда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

барлық жаңалықтар »