Эфирде - АИТВ туралы хабар

 

Қазан 4, 2023

4 қыркүйекте «ИРБИС» телеарнасында «Салауатты тақырып» бағдарламасы өтті. Бағдарламаның қонағы Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының инфекционист дәрігері Ержан Жүнісбеков болды.

«Өзіңізді қалай қорғауға және АИТВ-инфекциясын жұқтырмауға болады»  бағдарламасында жүргізуші  Елена Белоградова көрермендер АИТВ туралы мүмкіндігінше көбірек ақпарат алатындай етіп әңгіме құрды. Дәрігер әртүрлі жағдайлардың мысалдарын келтіре отырып, инфекцияның қалай жүретіні туралы айтты. Қауіпсіз мінез-құлыққа көп назар аударылды. Павлодарлықтар, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусы қауіп төндірмейтінін және күнделікті өмірде қауіпті емес екенін, ол құшақтау, бассейнде, қол алысу, сүйісу арқылы берілмейтінін білді.

Инфекционист дәрігері облыстағы АИТВ-инфекциясы жөнінде эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратпен бөлісті.

 

барлық жаңалықтар »