VІІ Орталық Азия Халықаралық конгресіне қатысты

 

Қазан 9, 2023

2023 жылдың 5-7 қазан күндері Алматы облыстық ЖИТС орталығының емдеу-алдын алу бөлімінің жұқпалы аурулар дәрігері Саниям Махмутова ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, «Interna Clinic» Гастроэнтерология, гепатология және метаболизм институты және Бауырды зерттеу бойынша Қазақ Қауымдастығы ұйымдастырған «VІІ Орталық Азия гастроэнтерология апталығы – 2023» Халықаралық Конгресі жұмысына қатысып қайтты.

Гибридті форматта өткен Конгрессте созылмалы вирусты гепатит, ас қорыту жолдарының функционалдық аурулары, инфекциялық гастроэнтрология, т.б.  мәселелер бойынша пленарлық отырыстар, ғылыми симпозиумдар және шеберлік сабақтары өткізілді.

барлық жаңалықтар »