Жаһандық қордың жаңа гранты

 

Қырқұйек 21, 2023

2024-2026 жылдарға арналған ЖИТС, туберкулез және безгекпен күреске арналған Жаһандық Қордың жаңа грантының іс - шараларын уақтылы және тиімді іске асыру мақсатында онлайн платформа арқылы АИТВ-ға тестілеуді арттыру, әлеуметтік желілерді (SNS) пайдалану, индекстік және өзін-өзі тестілеу бөлігінде 21 қыркүйекте Колумбия университеті жанындағы ICAP өкілдерінің, "АИТВ эпидемиясын бақылау жөніндегі Алматы моделі", Pepfar және Жаһандық қордың грантын іске асыру топтары, ҚДИАҒО қатысуымен жұмыс кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында Жаһандық қор, Pepfar, ICAP грантының жобалық өңірлерінде де, жалпы Қазақстанда да АИТВ-ға тестілеуді кеңейту және байланысқа дейінгі профилактика үшін тиімді өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

барлық жаңалықтар »