Алматы облысының барлық медицина мекемелерінде инфекциялық бақылау тақырыбында оқыту семинар тренингтері өтті

 

Қырқұйек 22, 2023

2023 жылдың 18-22 қыркүйек күндері Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің (АОСЭБД) ұйымдастыруымен облыстың 9 ауданы мен Қонаев қаласының аймағы бойынша медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды жүргізу туралы  семинар-тренингтер өтті.

Семинарды АОСЭБД басшысының орынбасары С.Капсаламова ашып, семинар мақсатына тоқталды, оқыту тренингтерін өткізетін мамандарға сәттілік тіледі.

АОСЭБД ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы И.Кунбасова облыстағы медициналық қызмет көрсетуге байланысты инфекциялардың эпидемиологиялық ахуалымен және медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау жүргізген комиссия жұмысының нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар инъекция және басқа да инфузиялық процедуралардың қауіпсіз тәжірибесімен бөлісті.

Іле аудандық СЭББ бас маманы С.Арыстан жеке қорғану құралдарын пайдалану, медициналық мақсаттағы бұйымдарды  стерилдеу сапасын бағалау тәртібін ортаға салды.   

Ал, АИТВ инфекциясының және басқа да гемоконтактілі инфекциялардың профилактикасы жайлы АО ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Д.Ибраимов баяндады.

Тренинг соңында ойын түрінде тапсырмалар орындалып, өзекті мәселелер талқыланды.

барлық жаңалықтар »