Халықаралық ынтымақтастықты іске асыру

 

Қырқұйек 21, 2023

2023 жылғы 21 қыркүйекте ҚДИАҒО директоры Байсеркин Бауыржан Сатжанұлы басшылығымен ҚДИАҒО қызметкерлерінің АИТВ-ның алдын алу өңірлік орталықтарының басшыларымен, жетекші шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері: Йель университетінің (АҚШ) профессоры Роберт Хеймер, Назарбаев Университетінің (Қазақстан) қауымдастырылған профессоры Сайед Али, SUNY Downstate (АҚШ) медицина ғылымдары университетінің профессоры Джек ДеХовицпен кездесуі болды. Кездесу барысында Қазақстанда АИТВ эпидемиологиясы бойынша жаңа тереңдетілген деректерді алуға мүмкіндік беретін MoVE-Kaz жаңа зерттеу жобасы ұсынылды және талқыланды.

барлық жаңалықтар »