Халықаралық конференцияға қатысу

 

Қырқұйек 20, 2023

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Б.С.Байсеркин 20.09.2023 жылы Алматы қаласында болып өткен «Қазақстандағы АИТВ-мен байланысты зерттеулер: қазақстандық зерттеушілердің жаңалықтары» халықаралық конференциясының жұмысына қатысты. Ол Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасын бекіту маңызды оқиға болып табылатынын атап өтті. Өз сөзінде ол Қазақстан Орталық Азияның алдыңғы қатарлы елдерінің бірі болып табылатынын, онда ДДҰ-ның АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша барлық 12 ұсынымы енгізілгенін атап өтті, эпидемиологиялық қадағалау және профилактика, зертханалық диагностика және АИТВ-инфекциясы бар пациенттерге ем ұсыну мәселелеріне де тоқталды.  

Конференция жұмысына Нью-Йорк штатының Даунт университетінің медицина факультетінің профессоры, Халықаралық зерттеу және оқу бағдарламасының директоры Джек ДеХовиц, Назарбаев Университетінің Медицина департаментінің профессоры Сайед Али, ҚазҰМУ ректоры М.Шоранов және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

барлық жаңалықтар »