Дерматовенерологияға жаңа ғылыми технологияларды енгізу жолында

 

Қырқұйек 14, 2023

14 қыркүйекте ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Б. Байсеркин және ғылыми қызметкер М.Рысұлы Астана қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығында болып, "QazBioPharm " Ұлттық холдингі" бас директоры, профессор Е.Абдураимовпен кездесіп қайтты.

Кездесулер барысында жаңа материалдарды әзірлеу, диагностикалық тестілерді әзірлеу саласында академиялық ынтымақтастықты белсенді дамыту саласындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастық бағыттары айқындалды, сондай-ақ бірлескен ғылыми қызмет туралы келісімдерге қол қойылды.

ҚДИАҒО және ҰБО ұжымдары 2024-2026 жылдарға дерматовенерологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің геномдық және жасушалық технологиялары саласында форсайттық зерттеулер жүргізуді жоспарлады. Ғылымның бұл бағыты қазақстандық ғалымдардың қолда бар технологиялық әзірлемелерін тартуға негізделген.

"QazBioPharm "Ұлттық холдингінің" бас директоры профессор Е. Абдураимов Холдингтің перспективалық даму жоспарларымен және жаңа ғылыми жобалармен таныстырды. Микроорганизмдердің антибиотикке төзімділігімен күресу маңызды мәселе болып табылады. Антибиотиктердің мүмкіндіктері таусылуда, жаңа бірлескен ғылыми әзірлемелер қажет, әсіресе жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды емдеу үшін қажет.

Ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің бірі - отандық әзірлемелердің медициналық практикаға қосқан үлесін арттыру және пәнаралық ғылыми-технологиялық күн тәртібін айқындау және оны бірлесіп іске асыру.

барлық жаңалықтар »